Жақсы кітап Әліппе, Үйретеді әріпке
Мақсаты
-
1
Оқушылардың сауат ашу пәні барысында алған білімдерін көрсетуіне мүмкіндік беру.
-
2
Мәнерлеп өлең оқуға, қара сөздерді айтуға және үйренген білім-білік дағдыларын одан әрі жетілдіруге жағдай жасау.
-
3
Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Іс-шараның құрылымы
Кіріспе
Гимн орындалады. Оқушылар залға кіреді.
Перде жабық тұрады. Сахнада «Ерте, ерте, ертеде…» әуені ойнайды.
Жүргізушінің сөзі
Жүргізуші: Ал, қанеки, балалар, ата-аналар, құрметті қонақтар! Жайғасып отырыңыздар! «Әліппе».
Музыка ойнайды. Сахнада Буратино мен Мальвина билейді. Перде ашылады.
Кейіпкерлермен танысу
Жүргізуші: Балалар, бұлар кімдер? Білесіңдер ме?
Көрермендер: Бу-ра-ти-но, Маль-ви-на.
Артемон «Әліппе» кітабын тістеп алып, жүгіріп келеді.
Мальвина: Артемон, бұл не? Не көтеріп жүрсің? Бұл кітапты қайдан алдың?
Буратино: Қандай әдемі кітап! Сұраусыз алған сияқтысың ғой.
Мальвина: Буратино, бұл кітапты міндетті түрде иесіне апарып беру керек!
Буратино: Иә, дұрыс айтасың. Кеттік!
Жүргізуші: Сөйтіп, біздің кейіпкерлеріміз жолға шықты.
Кітап иесін табу
Сахнада көңілсіз отырған балалар көрінеді: бірі ойыншықпен ойнап, бірі жерге қарап отыр. Мальвина, Буратино және Артемон кіріп келеді.
Мальвина: Балалар, мына зат сендердікі ме?
Оқушылар: Алақай, кітабымыз табылды!
Буратино: Бұл қандай кітап?
1-оқушы: Бұл сиқырлы кітап.
2-оқушы:
Жақсы кітап — Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
А-дан бастап әріпті,
Теріп маған танытты.
3-оқушы:
Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болды дәріпке.
Мальвина, Буратино: Әліппе! Жақсы екен.
4-оқушы: Келіңдер, қонақ болыңдар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппемен» қоштасқалы отырмыз.
5-оқушы:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе — ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Хор: «Әліппе».
Буратиноның тілегі және әріптер әлемі
Буратино: Балалар, мен де сендер сияқты оқып үйренгім келеді.
6-оқушы: Буратино, қорықпа, біз саған үйретеміз. Міне, сен аңсаған әріптер де келді.
Оқымақ болып әріптерді,
Ашып едім «Әліппені».
Бұл достарым қызық неткен,
Әріп біткен зытып кеткен.
7-оқушы: Алматыға «А» бекіпті, «Ә»-ні Әсет әкетіпті.
8-оқушы: «Б» болашақтың қаласына түнеп қалыпты, нанасың ба?
9-оқушы: Гурьевпен «Г» танысыпты, бетке алыпты «Ғ» ғарышты.
10-оқушы: Сарыарқаның даласында «Д» тап болыпты боранға.
11-оқушы: Жамбылда жүр «Ж» жайраңдап, Зайсан барған «З» сайраңдап.
12-оқушы: «Т»-ның өзі таңдап барған мекені екен Талдықорған.
13-оқушы: «Қайда?» десең қалған әріп — олар да ауыл, аудан барып, еңбек етіп жатыр екен. Әріп біткен — батыр екен.
Жұмбақтар және тіл дамыту
Мальвина: Біз сендерге жұмбақтар жасырайық. Шешуін таба аласыңдар ма?
-
Тілі бетінде, сөз шетінде. (Жауабы: сағат)
-
Шарлап келіп даланы, үйіме үйін салады. (Жауабы: қарлығаш)
-
Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан. Бұл қай жануар? (Жауабы: түйе)
14-оқушы: Біздің ата-аналарымыз да өте тапқыр.
Буратино: Олай болса, Ұлжамалдың анасы, мына жаңылтпашты айтып көріңізші.
15-оқушы:
Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.
16-оқушы:
Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ.
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
Қысқаша
Бұл сценарий «Әліппемен қоштасу» мерекесін сахналауға арналған: мақсаттары айқын, көрнекіліктері мол, балалардың өлеңі, жұмбағы және жаңылтпашы арқылы оқу мен тіл мәдениеті дәріптеледі.