Қамыс өсімдігінің морфологиясы

Зерттеу туралы қысқаша мәлімет

Өңір

Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы

Оқушы

Новобогат орта мектебі, 5-сынып оқушысы Зинолла Махамбет Бағытжанұлы

Тақырып

Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Мазмұны

  1. I Кіріспе: қамыстың биологиялық ерекшеліктері
  2. II Негізгі бөлім:
    • 2.1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
    • 2.2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
    • 2.3 Қамыс қантының пайдасы
    • 2.4 Қамыстан ши тоқу технологиясы
  3. III Қорытынды: пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі, аңдау хат

Аңдау хат

Зерттеу мақсаты

Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі — қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау.

Зерттеу нысаны

Негізгі нысан ретінде Х. Ерғалиев ауылын қақ бөліп ағатын Бақсай өзегі аумағындағы қамыс өсімдігі алынды.

Міндеттері

  • Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
  • Көп жағдайда «керексіз» саналатын су өсімдігінің тұрмыста және шаруашылықта қолданылуын сипаттау.
  • Қамыстан қант дайындаудың тиімділігіне дәлел келтіріп, көз жеткізу.
  • Қамысты өзге салаларда пайдалануға қатысты болжамдар ұсыну.

Зерттеу жаңалығы

Жергілікті жердегі қамыстың пайдасы мен маңызын талдап, оны тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Зерттеудің болжамы

Қамыс — тек құрылыс материалы емес: азық-түлік, өңделген мал азығы, қағаз өнеркәсібі мен отынға жарайтын, әрі шығынсыз өсірілетін ерекше өсімдік.

Зерттеу әдістері және маңызы

Әдістері: іздену, салыстыру, жинақтау, талдау.

Маңызы: дүниетану және биология сабақтарында реферат, баяндама ретінде қолдануға болады.

Кіріспе

Қазақ жері өз қойнауында талай тарихи сырды бүгіп жатқаны анық. Әлі де зерттелмеген өңірлер мен өсімдіктер аз емес. «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу — өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады. Өңір тану — Отан танудың әліппесі», — деген ой туған өлкенің жер-су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін және тарихын білу біз үшін маңызды екенін аңғартады.

«Сулы жер — нулы жер» деген мақал өзен, көл, жылға, бұлақ және қайнар суларды ұдайы қорғап, қамқорлықта ұстау қажеттігін еске салады.

Өзім тұратын ауылдың өткеніне көз жүгіртсек, ерте кезде ауылды екіге бөліп ағатын Боқсақ өзегінің бойын қалың қамыс басқан. Сол қамысты ата-бабаларымыз шаруашылықта кеңінен қолданған: үй тұрғызған, малға азық еткен, ши тоқыған.

Таралуы

Қамыс жер шарында кең таралған: 250-ден астам түрі белгілі, Қазақстанда 14 түрі кездеседі.

Құрылысы

Биіктігі шамамен 2,5 м-ге дейін жетеді; тамыры жуан, сабағы тік, жақсы жетілген.

Көбеюі

Вегетативті өркендер арқылы да, тұқым арқылы да көбейіп, сулы аймақтарда жақсы өседі.

«Борық» ұғымы

Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық — суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәттілеу сабағының түп жақ бөлігі. Кей өңірлерде саси бастаған, борсыған иісті суды да «борық» деп атайтыны айтылады.

Қыс мезгілінде қамыс арасындағы су көбіне қатпай, жылым күйінде сақталып жатады. Ауа температурасы қатты суытқанда ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, баулап, ықтырма тоқуға пайдаланады. Сол борықтың буындарынан көктемде жаңа өркен — сүйрік көктеп шығады.

Экологиялық рөлі

Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелі. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағында сақтап, үнемдеп пайдаланады. Осы ерекшелігі тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін сақтауға көмектеседі. Қамыс басқа өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартуға қатысады.

Қамыс шілде мен қыркүйек аралығында гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қараның қалдырған қиы оның қысқа төзімділігін арттырып, өсіп-дамуын жақсартуға ықпал етеді және экологиялық жағдайға да оң әсер береді.

2.1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы

Қамыс — астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Астық тұқымдастары дара жарнақты өсімдіктердің кең таралған тобына жатады: жер шарында шамамен 650-дей туыс, 10 мыңнан аса түр белгілі. Қазақстанда бұл тұқымдасқа жататын 83 туыс және 418 түр таралған.

Тамыры мен сабағы

Астық тұқымдастарының тамыры көбіне шашақты; сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кей түрлерінде буынаралығы жұмсақ ұлпалы болады (мысалы, қант қамысы, жүгері).

Жапырағы мен гүлі

Жапырақтары сабаққа екі қатар кезектесіп орналасады; пішіні жіңішке таспа, қандауыр не жұмыртқа тәрізді болуы мүмкін. Гүлдері көбіне қос жынысты, кейбірінде дара жынысты (мысалы, жүгері).

Қамыс туысы (Phragmites) Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтардың бәрінде дерлік кездеседі. Бұл туыстың әлемде 7 түрі белгілі. Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды және сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі тарағаны — кәдімгі қамыс немесе құрақ (Phragmites communis): биіктігі 0,8–6 м, тамыры жуан, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталады. Негізінен вегетативті жолмен көбейеді.

Маңызы және ықтимал зияны

Қамыс — сиыр, жылқы және кейбір кеміргіштер үшін бағалы азық. Одан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу арқылы шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.

Дегенмен қамыс шамадан тыс қалың тоғай болып кетсе, суармалы егістікке зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда жерді шамамен 30 см тереңдікке қазып, тамырсабақтардан тазартып отыру ұсынылады.

2.2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Қамыстың шамамен 0,5 м болып өскен жас күйі кей жерде «шөпмамық шөп» деп аталады. Мал оны сүйсініп жейді, себебі жұмсақ келеді. Қамысты шабындықты дұрыс жақсарту арқылы одан мол өнім алуға болады.

Мал азығы және өнім

  • Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой жайып, сүт, қымыз, ет сияқты өнім алуға болады.
  • Қамыс пішенін орып-жинап, жем-шөп қорын дайындауға немесе баулап сатуға болады.

Құрылыс материалы

  • Қамыс су өсімдігі болғандықтан ылғалға төзімділеу келеді; ағашқа қарағанда төзімділігі жоғары деп бағаланады.
  • Шатыр жабуға, сондай-ақ қабырға тұрғызуға қолданылған: жылу ұстағыш, экологиялық таза материал.
  • Бақша қоршауын жасау үшін қамыс сабақтарын буып пайдалануға болады.

Қолөнер және кәсіп

  • Қамыстан себет және тұрмыстық бұйымдар тоқылады.
  • Қазіргі кезде қамыстан тоқылған үстел мен орындық сияқты бұйымдар да саудаға шығарылуда.

Өндірістік әлеует

Бүгінде қамысты өңдеп, құрылысқа арналған тақталы материалдар шығару мүмкіндігі өзекті болып отыр. Қазақстанда мұндай материалдарға сұраныс негізінен жиһаз өндірісі мен құрылыс жұмыстарында байқалады. Қамыстың беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге салыстырмалы жеңілдігі және экологиялық тазалығы оның құндылығын арттырады.