Көңілді күлдіргіштер

Тәрбиеші және сабақ тақырыптары

Тәрбиеші: Науқанбаева Ақерке Раймбердіқызы

Сабақ тақырыптары

  1. Біз шыныққан баламыз
  2. Қыс келді
  3. Көңілді күлдіргіштер
  4. Ұлттық ойын өнері

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта

Негізгі мәліметтер

Тобы
«Тұлпар» ересек топ
Білім беру саласы
Денсаулық
Бөлімі
Дене шынықтыру
Тақырыбы
Біз шыныққан баламыз

Мақсаты

  • Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету.
  • Ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
  • Аяқ-қол, кеуде бұлшықеттерін жетілдіру және нығайту.
  • Ептілікке, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Доптар Балықтар Қармақтар Қолшатырлар Массаж құралдары

Сабақ барысы

Мотивациялық кезең

  • Балалар спортзалға бір қатар саппен кіреді.
  • Өз орындарына тұрып, амандасады.
  • Көңіл-күйі сұралады.
  • Өзен бойына келгендей елестетіп, балық туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Жаттығулар ойын элементтерімен орындалады. Әр тапсырмада қауіпсіздік сақталып, жетекшінің нұсқауы нақты орындалады.

Жаттығу: «Көңілді доп»

Доп туралы тақпақ айтылады.

Добым, добым, домалап,
Тоқтамайсың домалап.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.

  1. Допты қолға алып, қолды алға созып, саусақтармен допты айналдырамыз.
  2. Қолды жоғары көтеріп, допты саусақтармен айналдырамыз.
  3. Төсенішке отырып, аяқты алға созамыз: допты аяқтың ұшына дейін саусақпен айналдыра жеткізіп, бастапқы қалыпқа қайта келеміз.

Жаттығу: «Қолшатыр»

Жетекші жұмбақ жасырады.

Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын.

  1. Қолшатырды ашқанда тұрамыз, жапқанда отырамыз.
  2. Қолшатырды ашып, жерге қоямыз да, оны айнала жүгіріп жүреміз.
  3. Бағытты ауыстырып жүгіреміз және бастапқы қалыпқа қайта ораламыз.

Жаттығу: Қолға және денеге массаж

Массаж доптары мен қолдан жасалған массаж құралдары қолданылады.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.

  • Массаж доптарын алақан мен білек бойымен домалатып, уқалау қимылдарын жасаймыз.
  • Қолдан жасалған массаж құралдарымен арқаны жұмсақ уқалаймыз.
  • Бастапқы қалыпқа қайта келеміз.

Жаттығу: «Балық аулау»

Тақпақпен сүйемелденетін қимыл жаттығулары.

Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмда.

  1. Төсенішке отырып, аяқтарды қосып алға созамыз.
  2. Қармақты алып, судан балық аулау қимылын жасаймыз.
  3. Жетекші көрсеткен ретпен қозғалыстарды қайталаймыз.

Рефлексия және түзету

Тыныс алу жаттығуы

Флешмоб: «Буги-буги»

Нені біледі

Жаттығуларды дұрыс орындау.

Қандай түсініктерді игереді

Шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдық.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері

Жетекшінің нұсқауын тыңдап, негізгі іс-әрекетті орындау.

Ескерту: Сабақтың толық нұсқасын жүктеуге болады.