1994 жылы Өлке баспасынан жарық көрген кітабы

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі (КМҚК)

Дайындаған: Гапурина Ж.

Өтетін орны: колледж кітапханасы

Күні: 17 қазан 2015 жыл

«Мұнайлы өлкемнің мақтанышы» брейн-ринг: интеллектуалдық ойын

Бұл интеллектуалдық ойын мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтің өмір жолын дәріптеуге арналған. Республика және Атырау өңірі басшылығында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен тұлғаның өнегелі жолы — өскелең ұрпаққа үлгі.

Ойынның мақсаты

  • Атырау облысы мен республика деңгейінде ұзақ жылдар қызмет етіп, есімі ел жадында қалған Саламат Мұқашевті дәріптеу.
  • Студенттерге оның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, ұстанған бағытын үлгі ету; патриоттық құндылықтарды сіңіру.
  • Өздігінен іздену мен оқуды ынталандыру: сөздік қорды молайту, тіл мәдениетін және дүниетанымды кеңейту.

Сабақ (ойын) жоспары

І бөлім

Ұйымдастыру

Қатысушыларды қарсы алу, командаларды орналастыру, ережелерді еске салу.

ІІ бөлім

Негізгі бөлім

Таныстыру, сұрақ-жауап кезеңдері, ұпай жинау.

ІІІ бөлім

Қорытынды

Нәтижелерді жариялау, қорытынды сөз және алғыс білдіру.

Ойынның өту тәртібі

  1. 1

    Таныстыру

    Әр команда өз құрамын, ұранын және ерекшелігін таныстырады.

  2. 2

    «Білгенге маржан»

    Саламат Мұқашевке қатысты 20 сұрақ қойылады. Ойлануға 1 минут беріледі. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

  3. 3

    «Тарихи шежіреге саяхат»

    Қазақ хандығының 550 жылдығына және Атырау қаласының 375 жылдығына орай әзірленген 20 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жүргізушінің кіріспе сөзі (өңделген нұсқа)

Армысыздар, құрметті оқытушылар мен студенттер! Мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтің өмір жолын дәріптеу мақсатындағы «Мұнайлы өлкемнің мақтанышы» атты брейн-ринг интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Саламат Мұқашев — республика және Атырау өңірі басшылығында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, есімі ел есінде қалған тұлға. Оның өмір жолы — бәрімізге үлгі.

Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Мұнайлы өлкеміздің мақтанышы деп,
Брейн-ринг танымдық ойынын бастаймыз!

Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Биік шыңдарға қона беріңдер!

Әділқазылар алқасы

  • 1)
  • 2)
  • 3)

«Білгенге маржан» бөлімі: 20 сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтар Саламат Мұқашевтің өмірі мен еңбегіне арналған. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

1) Саламат Мұқашевтің туған күні мен жылы?

1927 жыл, 20 қазан.

2) 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген кітабы қалай аталады?

«Атадан аманат, ұрпағыма өсиет».

3) 1980–1985 жылдары қандай қызмет атқарды?

Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы.

4) Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған жылдары?

1970–1977 жылдар.

5) «Еңбек Қызыл Ту» орденімен неше мәрте марапатталған?

4 мәрте.

6) 1949 жылы Бүкілодақтық кәсіподақтардың Орталық кеңесі мектебіне қай қалаға оқуға жіберілді?

Харьков қаласы.

7) Гурьев (Атырау) мұнай техникумына қай жылы оқуға түсті?

1944 жыл.

8) 1994 жылы шыққан тұңғыш жинағы қалай аталады?

«Атырау ардагерлері».

9) «Құрмет белгісі» орденімен неше рет марапатталды?

2 рет.

10) Зайыбының аты-жөні?

Жақашева Мәрия Сәлімгерейқызы.

11) 1961–1970 жылдары қандай қызмет атқарды?

Ембі (Жылыой) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.

12) Кәсіподақтардың республикалық съезінде Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болып қай жылы сайланды?

1977 жыл.

13) 1948 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінде қандай қызметке сайланды?

Комсомол комитетінің ұйымдастырушысы.

14) Саламат Мұқашевқа арналған Хамит Ерғалиевтің жыр жолдары қалай аталады?

«Ер елімен егіз».

15) 1994 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген кітабы?

«Атырау ардагерлері».

16) Кәкімбек Салықовтың Саламат Мұқашевтің 70 жылдығына арнаған өлеңі қалай аталады?

«Ақылдылар ішінде сыпайысы».

17) 1996 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген естелік-эсселер жинағы қалай аталады?

«Өткенді оймен шолғанда».

18) 1999 жылы «Жолдас және К» баспасынан жарық көрген кітабы қалай аталады?

«Мұнай тарихы – мұнайшылар ғұмырымен жазылды».

19) «Мұнайшы» қоғамдық қорының Атырау аймақтық үйлестірушісі болған баласының аты-жөні кім?

Даулетов Болат.

20) Саламат Мұқашев қай жылы өмірден өтті?

2004 жыл, 18 маусым.