Қадірлі көрермендер, Сіздермен бірге желтоқсан оқиғасының куәгері Күзембаев Қайырғали аға

16 желтоқсанға орай: Желтоқсан құрбандарын еске алу

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздік тұғыры биікте

Мақсаты

Оқушылардың қабілеті мен білімін салыстыра отырып, тәуелсіздіктің қиын-қыстау кезеңдерін еске түсіру. Елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Түрі

Көрініс

Көрнекілік

Слайдтар, плакаттар және басқа да материалдар.

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме, қадірлі көрермен қауым, ата-аналар! Сіздердің алдарыңызда 2 «А» сынып оқушылары тәуелсіздік тұғырына қалай қол жеткізгеніміз туралы көрініс ұсынады.

Слайд: Көшпенділер

І оқушы

Абылай заманы — батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама?

ІІ оқушы

Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырда.
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.

ІІІ оқушы

Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тігіп, құрбан болмады?

Тарихқа оралу: 1986 жылғы Желтоқсан

І жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, қадірлі көрермендер! Бүгін сіздермен бірге Желтоқсан оқиғасының куәгері Күзембаев Қайырғали ағамен сыр бөлісеміз.

Жүргізуші сөзі

Иә, аға, бұл күнге жету үшін ата-бабаларымыз қанын да, жанын да берді. Еліміз 200 жыл бұрын патшалық Ресейдің құрамында болды. 70 жыл бойы әміршіл-әкімшіл жүйе үстемдік етті. Ендеше, дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылды еске түсіріп көрейік.

Көрініс: Ұрандар

  • «Қазақстан жасасын!»
  • «Әр республикаға — өз басшы!»
  • «Дербестік талап етеміз!»

Дыбыстар

«Естідіңдер ме?..»

«Бұл не масқара?..»

«Неге халықпен санаспайды?..»

«Қашанғы шыдаймыз?..»

Ербол Спатаев

Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр елге өз басшысы керек.

Ләззат

Сүймейтін болдық қой күймей ғұмыр.
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім, қайдан келген —
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Қаһарман қыз: Ләззат

Тақпақтар

IV оқушы

Қаһарман қыз — Ләззат қыз.

V оқушы

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға небары.

VI оқушы

Азаптады қарақшылар қанқұйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін қазақтың,
Батыр Ләззат Желтоқсанда жан қиды.

VII оқушы

Ел үшін ерлігімен еленген,
Абырой мен атағына бөленген,
Ләззат сынды қазақ қызы — қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

VIII оқушы

Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандады Ләззат қыз:
«Біз қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!»

Түйін

Желтоқсан — азаттыққа ұмтылған халық рухының көрінісі. Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер мен қаһарман қыздардың ерлігі — кейінгі ұрпаққа аманат, елдік пен бірліктің мәңгілік сабағы.