Сұрақтарын ата

Сабақтың тақырыбы

Қайталау – оқу анасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың 1-сыныпта негізгі пәндерден алған білімдерін тиянақтау.
  • Жыл бойы өтілген материалдарды пысықтау.
  • Жеке тұлғалық қасиеттерін бақылай отырып, ата-аналарға оқушылардың зеректік қабілеттерін көрсету.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, өзін-өзі басқаруға, еркін ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Ауызша және жазбаша грамматикалық талдауға төселдіру.

I. Ұйымдастыру бөлімі

Бүгін, балалар, қандай құлпырып тұрсыңдар! Сендердің көңілді әрі әдемі болып отырғандарыңа қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі қала мектептерінен ұстаздар қатысып отыр.

Қатысып отырған апайларға көңіл-күйлеріңді қалай жеткіземіз? (Ән айту арқылы)

Сабақтың форматы: «Ертегілер еліне саяхат»

Бүгінгі сабақта 4 топқа бөлініп, топ басшысын сайлаймыз. Сабақты жарыс түрінде өткіземіз.

Мультфильм көргенді, ертегі оқығанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше біз «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында қақпалардың тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетесіңдер.

Сиқырлы қақпа

Ана тілі

Тас қақпа

Ережелер, сөйлем, талдау

Күміс қақпа

Математика

Алтын қақпа

Дүниетану

Қақпалардың тапсырмаларын дұрыс орындасақ, қақпалардың есігі ашылады.

Сиқырлы қақпа

Бұл бөлімде ана тілінен алған білімімізді ортаға саламыз: халық ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және өлеңдер.

Бағалау

Алтын • Күміс • Қола теңгешіктер

1) Халық ауыз әдебиетінің үлгілері

  • Аңыздар
  • Ертегілер
  • Жұмбақтар
  • Жаңылтпаштар
  • Мақал-мәтелдер

2) «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны

Топтар мақал айтып, жұмбақ шешіп жарысады.

Мақалшылар жарысы

№1 топ

  1. Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар.
  2. Ақылды ойлап түйгенін айтады, ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.

№2 топ

  1. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
  2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

№3 топ

  1. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
  2. Отан үшін отқа түс — күймейсің.

№4 топ

  1. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
  2. Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.

Жұмбақшылар жарысы

  1. Аспанда күн-түн зырлайды, жолаушы тасып тынбайды. Ұшақ
  2. Бір күнде туған туыс — бес. Бойлары неге тең емес? Бес саусақ
  3. Күндіз шайқасады, түнде айқасады. Кірпік
  4. Білімімнің куәсі — іші толған қолтаңба. Білмесімнің куәсі — алып шығам әр таңда. Күнделік
  5. Тілден ұшып, құлаққа қонады. Сөз

Поэзия минуты

Оқушылар жыл бойы өткен тақпақтары мен өлеңдерін жатқа айтады.

Тарихи тұлғалар бойынша сұрақ-жауап

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан туралы қысқаша сұрақтар.

  1. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
  2. Ол кімдердің ақылына жүгінген? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  3. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)
  4. Қазыбек би мен Әйтеке би қай жүздің биі? (Орта жүз, Кіші жүз)

Нәтиже: тапсырмалар орындалса, қақпа ашылады.

Сиқырлы қақпа ашылды

Өтпелі кезең

«Кім шапшаң?» ойыны

Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бірдей оқылатын сөздерді табу (палиндром).

Мысалдар: қабақ, кесек, керек, қырық, т.б.

Тас қақпа

Бұл бөлімде ережелерді еске түсіреміз, сөйлем құраймыз және фонетикалық талдау жасаймыз.

1) Ереже сұрақтары (ауызша)

№1 топ

  • Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Сын есім дегеніміз не?

№2 топ

  • Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
  • Сан есім дегеніміз не?

№3 топ

  • Тасымал дегеніміз не?
  • Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

№4 топ

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2) Сызба бойынша сөйлем құрау

4 топ сызбаға сүйеніп сөйлем құрап, жазып шығады.

3) Буынға бөлу және фонетикалық талдау

Мына сөздермен жұмыс:

  • мойын
  • қоңырау
  • бауыр
  • жеңіс

Нәтиже: тапсырмалар орындалса, қақпа ашылады.

Тас қақпа ашылды

Өтпелі кезең

Көрнекілік арқылы түсіндіру

Жіптен сәуле мен кесіндіні көрсетіп, айырмашылығын талқылау.

Геометриялық фигуралар

Геометриялық фигураларды атау және тану.

Күміс қақпа

Бұл бөлімде математикадан алған білімдеріңді көрсетесіңдер.

1) «Кім тапқыр?» ойыны

10 көлеміндегі сандардың құрамын айту.

2) Тақтамен жұмыс

Әр топтан 2 оқушы тақтаға шығып, берілгендерді ажыратады:

Теңдік

5 + 2 = 3 + 4

6 − 3 = 9 − 6

Теңсіздік

5 > 4

Әріпті өрнек

4 + a

Өрнек

4 − 2

3) Теңдеулерді шешу

a + 6 = 9
7 − a = 4
a − 3 = 5
a + 5 = 10
30 + a = 70
a − 40 = 40
60 − a = 20
a − 20 = 50

4) Бос орынды толтыр

50 + □ = 70
□ + 20 = 90
100 − □ = 80
90 − □ = 50
60 − □ = 30
80 − □ = 70
□ + 40 = 60
□ + 30 = 40

5) Есептерді шығару (ауызша)

  1. Сыныпта 10 ұл бар, ал қыздар олардан 3-еуі кем. Сыныпта неше қыз бар?
  2. Ағашта 8 торғай отыр еді. Олардың 3-еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
  3. Айжанның 5 дәптері бар еді. Ол тағы 4 дәптер сатып алды. Айжанда неше дәптер болды?
  4. Дулаттың 6 асығы бар, ал Саматтың одан 4 асығы артық. Саматтың неше асығы бар?

Қосымша есеп

Атасы 90 жаста, немересі 30 жаста. Атасы немересінен неше жас үлкен?

Осы есепке екі кері есеп құрастыр.

Нәтиже: тапсырмалар орындалса, қақпа ашылады.

Күміс қақпа ашылды

Өтпелі кезең

Жыл мезгілдері

1 жылда неше мезгіл бар?

Алтын қақпа

Бұл бөлімде дүниетану пәнінен алған білімдеріңді көрсетесіңдер. «Кім жүйрік?» ойыны бойынша сұрақ-жауап өткізіледі.

№1 топ

  1. Табиғат дегеніміз не?
  2. Табиғат нешеге бөлінеді?
  3. Адамның сезім мүшелерін ата (тіл — дәм сезу және сөйлеу мүшесі).

№2 топ

  1. Ауа райын немен өлшейді?
  2. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
  3. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

№3 топ

  1. Өсімдіктің мүшелерін ата.
  2. Бунақденелілерді ата.
  3. Түлкінің баласын не деп атайды? (жаутаң)

№4 топ

  1. Мысықтың баласын не деп атайды? (марғау)
  2. Барыстың баласы қалай аталады? (мәулен)
  3. Дүние жүзі бойынша Қазақстан нешінші орын алады?

Балалар, дүниетану пәні бойынша сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.

Нәтиже: тапсырмалар орындалса, қақпа ашылады.

Алтын қақпа ашылды

Жазғы мезгіл және демалыс

Балалар, не көріп тұрсыңдар? Жазғы мезгіл. Ендеше аз күннен кейін жазғы демалысқа шығасыңдар. Демалыстарыңды көңілді әрі пайдалы өткізіңдер.

III. Сабақты қорыту

Төрт топтың жинаған ұпайларын есептеу, нәтижені жариялау.

IV. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай теңгешіктер арқылы бағалау.