Аяқты қайшылай

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, №11 орта мектеп
Пән
Дене тәрбиесі
Мұғалім
Дүйсебаев Нұрболат Бөлегенұлы
Сынып
6-сынып
Тақырып
60 метр қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту
Мақсат
Қозғалыс белсенділігін арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ жоспары №
____
Күні / уақыты
________________
Өтетін орны
________________
Сабақ өтуші
________________

Әдіс-тәсілдер және құрал-жабдықтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Үйрету
  • Қайталау
  • Жаттығу
  • Ойын элементтері

Құрал-жабдықтар

  • Ысқырық
  • Уақыт өлшегіш
  • Эстафеталық таяқша
  • Қажет болған қосымша құралдар

Сабақ мазмұны

Дайындық бөлімі: 15 минут

Жеңіл атлетика · 60 м жүгіру

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сапқа тұру
  • Ақпарат беру
  • Сәлемдесу
  • Сабақ тақырыбымен таныстыру

Саптағы жаттығулар

  • Оңға бұрылу
  • Солға бұрылу
  • Кері бұрылу

I. Жүру

  1. Аяқтың ұшымен
  2. Өкшемен
  3. Табанның ішкі қырымен
  4. Жартылай отырып және толық отырып

II. Жүгіру

  1. Тізені жоғары көтеріп жүгіру
  2. Аяқты қайшылап жүгіру
  3. Аяқты артқа сілтеп жүгіру
  4. Оң және сол қапталмен, тіркеме адыммен жүгіру
  5. Арқамен және алға қарай жүгіру

III. Демалу жаттығулары

Қозғалыстан кейін тыныс алуды қалпына келтіруге арналған қысқа жаттығулар.

Ескерту

Тыныс алу бірқалыпты, терең және ырғақты орындалады.

Жалпы дамыту жаттығулары

Төмендегі жаттығулар денені қыздыруға, буын қозғалысын арттыруға және 60 метрге жүгіруге дайындауға бағытталған.

1) Басты айналдыру

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, қол белде.

  • 1–4: басты оңға айналдыру
  • 1–4: басты солға айналдыру

2) Иықты айналдыру

Бастапқы қалып: қол иықта.

  • 1–4: алға қарай айналдыру
  • 1–4: артқа қарай айналдыру

3) Қол қимылдары (кеуде тұсы)

Бастапқы қалып: қол кеуде тұсында.

  • 1–2: қолды бүгіп, артқа тарту
  • 1–2: қолды жазып, оңға созу
  • 1–2: қолды жазып, солға созу

4) Денені бұру

Бастапқы қалып: қол желкеде.

  • 1–2: денені оңға бұру
  • 3–4: денені солға бұру

5) Қиғаш еңкею

Бастапқы қалып: оң қол белде, сол қол жоғары.

  • 1–2: оңға еңкею
  • 3–4: солға еңкею

6) Аяққа еңкею

Бастапқы қалып: қол белде, аяқ иық деңгейінде ашық.

  • 1: еңкейіп, оң аяққа қол тигізу
  • 2: ортаға қайту
  • 3: сол аяқтың ұшына қол тигізу

7) Отырып-тұру және аяқты сермеу

Бастапқы қалып: қол белде.

  • 1: отырып, қолды еденге тіреу
  • 2: аяқты артқа сермеу
  • 3: қайта отырып, қолды еденге тіреу
  • 4: бастапқы қалыпқа келу

8) Секіру жаттығулары

Бастапқы қалып: қол белде.

  • 1–4: оң аяқпен секіру
  • 1–4: сол аяқпен секіру
  • 1–4: екі аяқпен жоғары секіру

Толық нұсқасы

Қажет болса, сабақ жоспарының толық құжатын жүктеп алыңыз.

Толық нұсқасын жүктеу