Label компоненті - информацияны шығару үшін қолданылатын компонент
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Информатика пәні мұғалімі: Турниязова Базаргүл Оңғарқызы
Сабақтың тақырыбы
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Мақсаты
TextBox, Label және CommandButton компоненттерін меңгерту; компоненттермен қосымша құру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі
Компьютер
Күтілетін нәтиже
Білімділік
Компоненттер арқылы қосымша жасау, бағдарлама құру, қателермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ой-өрісін кеңейту, қиялын дамыту және ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні
Шапшаңдыққа, жүйелілікке, ізденімпаздыққа, ұжымшылдыққа және бірізділікке баулу.
Негізгі ұғымдар: компоненттер
TextBox компоненті
Қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылады. Қосымша орындалған кезде пайдаланушы бұл объектідегі мәтінді өңдей алады (редакциялайды).
Label компоненті
Ақпаратты көрсету үшін қолданылады. Көптеген қасиеттері TextBox қасиеттеріне ұқсас, бірақ негізгі айырмашылықтары бар:
- Қосымша орындалғанда мәтінді редакциялауға болмайды.
- Қажет болған жағдайда бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады.
CommandButton компоненті
Батырма жасауға арналған ең кең қолданылатын пайдалы объектілердің бірі.
Практика: TextBox арқылы қарапайым қосымша
Сабақ компьютерде қосымша құру арқылы түсіндіріледі. Мысал ретінде бір ғана TextBox компонентінен тұратын қосымша жасаймыз: қосымша іске қосылғанда Text1 алаңына төмендегі мәтін шығуы керек.
Көрсетілетін мәтін
Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10-сыныбында оқимын.
Қосымшаны құру қадамдары
-
Формаға Text1 компонентін орналастырып, қажетті өлшемге келтіріңіз. Содан кейін оның MultLine қасиетіне True мәнін орнатыңыз.
-
Форманың кез келген жерін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны жазыңыз:
Private Sub Form_Load() Text1.Text = "Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10-сыныбында оқимын" End Sub -
Процедураны енгізгеннен кейін қосымшаны Run → Start командасы арқылы іске қосыңыз. Нәтижесінде Text1 алаңында мәтін көрінеді.