Құттықтау сөз
Армысың, әз Наурыз
Тақырыбы
Армысың, әз Наурыз
Мақсаты
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін таныту, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші сөзі
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Бізде бар сан ғұрып.
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!
Бәріміз асыға күткен Наурыз тойы келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн — ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні атанған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөзі балабақшамыздың директоры Сарбиназ Талапқалиқызына беріледі.
Ән
«Наурыз — көктем»
Наурыз көрінісі: ұлыс күні
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Уа, ағайын! «Наурызым — бабамның сөзі, Наурызым — анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» — демекші, тойды бастамас бұрын Наурызды бірге тойлауға қонақтар келе жатқан сияқты. Қарсы алыңыздар!
Ортамызға Қыдыр ата, Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шақырылады.
Қонақтар сөзі
Қыдыр ата
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық — Наурыз!
Алдар көсе
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышқа ел енді.
Наурыз келді — салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы — жыр-аңыз.
Барша жамағат, Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Тазша бала
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Өнер шашуы
Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз бен кәріміз де.
Бақшаның мынау бүлдіршіндері
Өнерлерін көрсетуге келді міне.
Енді ортаны баршаңызға ашайық,
Көрерменге жырдан шашу шашайық.
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерменен інжу-маржан шашайық!
Қазақтың ұлттық киім үлгілерін киген ұл-қыздарымызды ортамызға шақырамыз.