Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік дәстүрлері мен тарихи тағылымымен танысу, тарихи мәнін ашып көрсету

Қазақстан тарихы (9-сынып): Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Бұл материал 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары негізінде құрастырылды. Мақсат — Ұлы Отан соғысының себеп-салдарын, барысын, уақыт-кеңістік аясын және нәтижесін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстанның тылдағы ұйымдастыру жұмысы мен майдандағы ерлік үлгілерін нақты деректерге сүйене отырып талдау.

Негізгі идея

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі, экономиканы соғыс жағдайына бейімдеу, ғылым мен өндірістегі үлесі және майдандағы ерен ерлігі тарихи тағылым ретінде қарастырылады.

Сабақтың мақсаты

  • 1) Соғыстың себеп-салдарын, барысын, кеңістігін, уақытын және нәтижесін анықтау; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның тылдағы бөлімдерді даярлаудағы, экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құрудағы, ғылым мен өндірістегі және майдандағы ірі шайқастардағы қазақстандықтардың ерен еңбегі мен ерлігін сипаттау.

  • 2) Оқушылардың белсенділігін арттыру, тарихқа қызығушылығын күшейту және білімін жетілдіру.

  • 3) Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға қарсы көзқарасы орныққан, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

Тарихи мәнін ашу

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік дәстүрлері мен тарихи тағылымымен таныстыру, соның тарихи маңызын көрсету.

Ойлау және дәлелдеу дағдылары

Оқушылардың бұрынғы білімін пайдалана отырып, ойлау мен елестетуді, дәлелді оқиғаларды өз пайымымен қорытып, баға беруді қалыптастыру; тарихи жағдайлар мен батырлар есімдерін білуге ынталандыру; өз бетінше ізденіске бағыттау.

Адамгершілік және құндылық

«Анаң болса да оның жаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның жақсы қылықтарына елікте!» қағидасын түсіндіре отырып, адамгершілікке және өз ұлтының тарихын терең білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныпты 3 топқа бөліп, шеңбер бойымен орналастыру.

II. Үй тапсырмасы

«Бас қатырғылар базары» тәсілі арқылы сұрау (мақсаты: білімді бекіту, ең белсенді және тапқыр ойыншы мен топты анықтау).

III. Мақсат қою

Білімді қолдану → ойлау, елестету → дәлелдеу → қорыту және бағалау арқылы түсінікті бекіту.

IV. Қорытындылау

Топтық тапсырмалар нәтижесін жинақтап, негізгі түйіндерді шығару.

Топтық жұмыс: тапсырмалар құрылымы

Әр топқа жеке тапсырма таратылады. Жұмыс қорытындысы сынып алдында қысқаша қорғалады.

Формат

Кроссворд · Хронологиялық лото · Құпия сөздер

1-топ: кроссворд

  1. Орталық Қазақстанда пайда болған ерекше режимдегі еңбекпен түзету лагері.
  2. Ауқатты шаруалар.
  3. Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда жаңа революция жүргізудің идеялық-саяси негізін қалады.
  4. «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған» лагерь.
  5. 101 мың қазақстандық бұл лагерьдің азабын тартты, 27 мыңнан астамы атылды.
  6. 1930–1932 жж. «Ұлы жұт» аталған қасіретті оқиға.
  7. 1937 ж. наурызда Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі Қазақ КСР-інің қандай құжатын қабылдады?

2-топ: хронологиялық лото

Жылдар берілмейді: оқиғалардың қай жылы болғанын анықтап, даталармен сәйкестендіру (даталармен жұмыс).

Дағды

Тарихи уақытпен жұмыс істеу, жүйелеу, дәлелдеу

3-топ: құпия сөздер

Анықтамасына қарап терминді табу:

  • 1) Жоғарғы өкімет органдарына жазбаша жіберілетін ұжымдық өтініш.
  • 2) Көшпелі қазақтар.
  • 3) Бұрыннан тұратын жергілікті халық.
  • 4) Адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау.
  • 5) Бір халықтың екінші бір халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.
  • 6) Кенеттен болған астан-кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын-сүргін.
  • 7) Қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
Жауаптары

1. Петиция

2. Номадтар

3. Автохтонды

4. Дискриминация

5. Ассимиляция

6. Катаклизм

7. Революция

Жаңа сабақ: Ұлы Отан соғысының басталуы және жоспарланған отарлық құрылымдар

1945–2015: Жеңіске 70 жыл

Хронология

1939 ж. 1 қыркүйек: неміс фашист әскерлері Польшаға басып кірді.

1941 ж. 22 маусым: гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы шартты опасыздықпен бұзып, соғыс жарияламастан Кеңес Одағына тұтқиылдан басып кірді. Осылайша Ұлы Отан соғысы басталды.

Жоспарланған рейх-комиссариаттар

Фашистік басшылық басып алынған Кеңес аумағында бірқатар әкімшілік құрылымдар құруды жоспарлады: Остланд (Белоруссия мен Балтық жағалауы), Украина, Мәскеу (Ресей) және Кавказ, ал елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан мен Еділ–Орал рейх-комиссариаттарын ұйымдастыру көзделді.

Барлау және идеологиялық «бетперде»

Ғылыми-зерттеу институты деген бетпердені жамылған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы «Үлкен Түркістан» отары картасының жобасын әзірлеуге ұмтылды.