Лашын құсты сипаттау
Сабақтың тақырыбы
Негізгі және туынды сын есімді қайталау (Қазақ тілі, 3-сынып).
Сабақтың түрі
Қайталау
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Формат
Топтық жұмыс, жаттығу, ойын
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Негізгі және туынды сын есім туралы түсінікті кеңейту, олардың басқа сөз таптарынан жасалатынын аңғарту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу.
Тәрбиелік
Ана тіліне құрмет сезімін қалыптастыру, ұқыпты сөйлеуге және бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушыларды үш топқа бөлу, сабақ мақсатын қысқаша хабарлау.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Қазақ тілім — өз тілім, дара тілім.
II. Өткен сабақты бекіту
Әр топ берілген нысанды сипаттап, сын есімдерді орынды қолданады.
-
I топ
Жылқыны сипаттау
-
II топ
Алманы сипаттау
-
III топ
Лашын құсты сипаттау
III. Топтастыру стратегиясы
Сын есім — заттың сапасын, түсін, пішінін, түрін, дәмін білдіреді. Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
IV. Жаңа сабақты меңгерту
Туынды сын есімнің басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалатынын мысалдармен көрсету:
Негіз
пайда
Туынды сын есім
пайдалы
Негіз
біл
Туынды сын есім
білгіш
Негіз
жүз
Туынды сын есім
жүзгіш
Негіз
әдеп
Туынды сын есім
әдепті
Негіз
тау
Туынды сын есім
таудай
V. Оқулықпен жұмыс
Тапсырмалар топ бойынша орындалады (64–65-бет).
I топ — 1-жаттығу (64-бет)
Зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп жазу.
II топ — 3-жаттығу (64-бет)
Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талдау жасау.
III топ — 4-жаттығу (65-бет)
Зат есімдерден туынды сын есім жасау.
VI. Терме диктант
Шіл — тауық тәрізді құс. Ол шыршалы және аралас ормандарды мекендейді. Шалшықты жерлерді де жақсы көреді.
Ақбөкеннің көздері мөлдір, кіршіксіз. Оның тұмсығы дөңес, басы үлкен болады.
VII. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.
VIII. Шығармашылық жұмыс (сурет бойынша)
Әр топ өз мүмкіндіктеріне қарай суретке сүйеніп өлең, сурет немесе шағын әңгіме құрастырады.
IX. «Кім тапқыр, кім жүйрік?» ойыны
Берілген сөздерді пайдаланып, жыл мезгілдеріне байланысты сөйлем құрау. Әр топтан бір оқушы сөйлемін тақтаға жазады.
Сөздер
X. Сабақты қорытындылау
«Адасқан буындар» ойыны (артық сөзді тап)
Оқушылар буындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс нұсқасын тауып, тақырыпқа сай келмейтін артық сөзді анықтайды.
XI. Үй тапсырмасы
5-жаттығу (65-бет): туынды сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазып келу.
XII. Бағалау
Оқушыларды жетон арқылы бағалау: белсенділік, дәлдік, топтық жұмысқа қатысу және шығармашылық тапсырманы орындау деңгейі ескеріледі.