Жұлдызша қою
Мақсаты және күтілетін нәтиже
Білімдік
- Тұрлаулы мүшелерді ажырата білу және сөйлемдегі қызметін түсіну.
- Сөйлем мүшелері туралы білімді кеңейту.
- Таза әрі сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық
- Ой-өрісті дамыту.
- Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
- Тиянақтылық пен жауапкершілікке баулу.
Психологиялық ахуал
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені —
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Осы өлең жолдары арқылы туған тіліміз — қазақ тілі сабағын көтеріңкі көңіл-күймен бастаймыз.
Қызығушылықты ояту және мағынаны тану
Жатқа жазу
Торғай тоғайды ұнатады.
Тоғай торғайды қуантады.
- Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын екі рет сызыңдар.
- Сөйлемді баяндауышсыз айтып көріңдер. Қалай өзгергенін сипаттаңдар.
Жұмбақ және талдау
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.
Жауабы: күн, ай, тәулік
Тапсырма:
Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табыңдар:
Күш — білімде,
Білім — кітапта.
«Болашақ баспалдағы» бойынша тапсырманы орындаған сайын келесі басқышқа жылжып, жұлдызша қойылады.
«Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»
Тапқырлық пен ой жылдамдығын байқап көру үшін төмендегі жұмбақтарды шешейік.
а)
Өзім сөзден тұрамын, біткен ойды құрамын.
Жауабы: Сөйлем
ә)
Қоя салсаң бір тары, жаңалықты жеткіземін.
Жауабы: Хабарлы сөйлем (тары — нүкте)
б)
Ойды аяқтап орақ тұрады, жауап сөз қалап тұрады.
Жауабы: Сұраулы сөйлем (орақ — сұрақ белгісі)
в)
Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
Жауабы: Лепті сөйлем (шарға ине — леп белгісі)
Қорытынды: ең тапқыр оқушылар мадақталып, жұлдызшалармен бағаланады.
Шығармашылық жұмыс
Өлеңді аяқтау
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз басады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Қар атып ойнайды,
Қызыққа тоймайды.
Аппақ қыс, ашық күн,
Ойнатпай қоймайды.
Кейін оқулықтағы тапсырмалар орындалады.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ, есепте,
Тоқыған салса себетке?
Ой толғаныс
Баяндауыш — сөйлемде бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін, кім не екенін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі. Баяндауыш көбінесе сөйлемнің соңында орналасады және не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? сұрақтарына жауап береді.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы жаттығуларды орындау.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Кері байланыс
Тақырып: «Баяндауыш» бойынша қысқа пікір/қорытынды.