Бүгінгі бастағалы отырған Информатика және біз атты сайысқа қош келдіңіздер

Сайыс тақырыбы: «Информатика және біз»

Бұл сайыс оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттырып, білімін тәжірибеде қолдануға бағытталған танымдық-шығармашылық жарыс.

Сайыстың мақсаты

Білімділік

Компьютерде ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы информатикалық білімін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін дамыту.

Дамытушылық

Ұжымшылдық пен іскерлік дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауын және интеллектісін дамыту.

Тәрбиелік

Ортақ мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өнерді және білімді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сайыстың ашылуы

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Информатика және біз» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысымызды Н. А. Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзімен бастағымыз келеді.

2-жүргізуші

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал, қанекей, шығыңыздар сайысуға!

1-жүргізуші

Әлемді елестетіп көзімізге,
Әрлендіріп, бал қосайық сөзімізге.
Турасын шешіп, тауып айтар
Әділқазыларды шақырайық төрімізге!

Әділқазылар алқасы

2-жүргізуші

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасымен танысып өтейік.

1-жүргізуші

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда —
Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қатысушыларды шақыру

2-жүргізуші

Информатика сырлары қызықтырды біздерді.
Ойынға қатысуға шақырамыз сіздерді!
Ендеше, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

Сайыс кезеңдері

I тур: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»

Таныстыру кезеңі

Командалық

1-жүргізуші

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

2-жүргізуші

Демеймін заман сөздері — түбі бүгін өзгереді.
Бағыңды сынап сайыста, көрінетін кез де келеді.
Ендеше, таныстыру кезеңін бастайық.

Бұл кезеңде екі топ өздерін таныстырады.

II тур: «Кім жүйрік?»

Сұрақ-жауап кезеңі

Жылдамдық

2-жүргізуші

Кезекті сайыста сайыскерлеріміз сұрақтарға қалай жауап береді екен? Сұрақ қойып, сынап көрейік. Алдарыңызда — «Ғажайып алаңы».

III тур: «Кім алғыр?»

Тапсырмаларды орындау

Практика

1-жүргізуші

Сайыскерлеріміз компьютердегі қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып, тапсырмалар орындайды. Тапсырманы қай топ жылдам әрі сапалы орындайды екен? Топтағы барлық адам қатысуы тиіс.

Тапсырмалар

  • 1-тапсырма: 3 минут.
  • 2-тапсырма: 3 минут.

2-жүргізуші

Сайыскерлер тапсырмаларын орындап болғанша, көрермендермен ойын ойнайық. Қане, кім жылдам жауап береді? (Слайд бойынша.)

IV тур: «Кім епті?»

Сәйкестікті табу

Нақтылық

2-жүргізуші

Енді «Кім епті?» сайысына да кезек келді. Сайыскерлердің ептілігін сынайық. Бұл кезеңде әр сұраққа сәйкес дұрыс жауапты сәйкестендіру керек.

V тур: «Қимылдар сөйлейді»

Ым-ишара арқылы сұрақ қою

Шығармашылық

1-жүргізуші

Екі топ бір-біріне информатикаға байланысты сұрақтарын қимыл арқылы көрсетеді. Екінші топ оны тауып айтады.

VI тур: «Капитандар сайысы»

Терминдерді қалпына келтіру

Логика

2-жүргізуші

Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты — жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

2-жүргізуші

Келесі кезең — топ басшылар сайысы. Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Алдарыңыздағы әріптері ауысып кеткен терминдерді жылдам тауып, дұрыс ретке келтіріп жазыңыздар.