Аңыз әңгімелердің ерекшелігі
Сабақ тақырыбы
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер.
Сабақтың мақсаттары
-
1) Білімділік мақсаты
Аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер туралы түсінік беру, аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығын ұғындыру.
-
2) Тәрбиелік мақсаты
Тапқырлыққа, өжеттілікке, шешендікке баулу, әдептілікке тәрбиелеу.
-
3) Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, ойды жүйелі әрі нақты жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Сын тұрғысынан ойлау, сауалнама, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Проектор, сауалнама парақшалары, суреттер, кітаптар және т.б.
Сабақтың жүру барысы
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй тапсырмасы: сөзжұмбақ шешу
- III Жаңа сабақ
- IV Кітаппен жұмыс
- V Бекіту кезеңі
- VI Венн диаграммасы
- VII Қайталау: сауалнама
- VIII Үйге тапсырма
- IX Бағалау
Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ: «Қырық өтірік»
Сұрақтар
- 1. Тазша баланың бойындағы бір өнері қандай?
- 2. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
- 3. Тазша бала өтірік әңгімесін қалай бастайды? Нені жоғалтып алады?
- 4. Аспанға бойы жетпей тұрған бала кімнен ақыл сұрайды?
- 5. Жирен құлынды тапқан соң қандай оқиғаға тап болады?
- 6. Шыжғырылған қоянның майын ненің қарнына құяды?
- 7. Сыймаған майды қайда жағады?
- 8. Етігін іздеп жүріп тағы нені жоғалтады?
- 9. Өтірік өлеңде Тазша атты қайда арқандадым дейді?
- 10. Тазша көшкенде жүгімді неге арттым дейді?
- 11. Тазша қасқырды немен қуады?
Жаңа сабақ: негізгі ұғымдар
Аңыз дегеніміз
Аңыз — тарихта болған адамдардың халық үшін атқарған еңбегі мен жасаған игі іс-әрекеттері туралы туындаған шығарма.
Аңыз әңгіменің ерекшелігі
Аңыз әңгімеге тарихи шындық пен қиялдың араласа жүруі тән.
Аңыз әңгіме кейіпкерлері
Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт ата, Жошы хан және т.б.
Шешендік сөздер
Шешендік сөздер — елге белгілі адамдардың белгілі бір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр, ойлы сөздері.
Бекіту сұрақтары
- 1. Аңыз әңгіме дегеніміз не?
- 2. Аңыз әңгімелердің ерекшелігі қандай?
- 3. Аңыз әңгіме кейіпкерлерін ата.
- 4. Шешендік сөздер дегеніміз не?
- 5. Қазақтың қандай би-шешендерін білесің?
- 6. Қандай шешендік сөзді жатқа білесің?