Оқушылардың астрономиялық білімдерін кеңейту, физика мен астрономияның байланысын нақтылау

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Аққайнар ауылы • Чернова орта мектебі КММ

Физика пәні мұғалімі: Жельменова Гульнар Нұрқасовна

7-сынып • «Жұлдызды аспан» факультативтік курсы

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Түсінік хат

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жұмыс істейтін мектеп болғандықтан, физика пәніне берілген факультативтік курста ғарыш тақырыбына ерекше көңіл бөлуді жөн көрдім. Астрономия, физика және ғарыш — бір-бірімен тығыз байланысты, қазіргі физикалық білімнің ажырамас бөлігі.

Физика мен астрономияның байланысын тереңірек көрсету және оқушылардың астрономиялық білімін кеңейту мақсатында 7-сыныпқа арналған «Жұлдызды аспан» факультативтік курсының жоспары әзірленді. Бұл курс арқылы оқушылар ғаламды тануды шоқжұлдыздар мен жеке жұлдыздарды танып-білуден бастап үйренеді.

Астрономия — ежелден қалыптасқан ғылым. Адамзат тіршілігі басталғаннан-ақ жұлдызды аспанға қарап, жер бетінде бағдарлануға және уақыт есебін жүргізуге дағдыланған. Курс барысында оқушылар шоқжұлдыздарды ажырата алады, төңіректі бағдарлау тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолдануды меңгереді және халық астрономиясының кейбір элементтерімен танысады.

Күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындаған жұлдызды аспанды бақылау мен зерттеу біртіндеп үлкен ғылымның қалыптасуына жол ашты. Бұл сабақтар оқушыларға сол тарихи сабақтастықты түсінуге және оны бүгінгі ғылыми біліммен байланыстыруға көмектеседі.

Курстың мақсаты

  1. 1 Әлемде жүріп жатқан құбылыстардың физикалық мағынасын жұлдыздар әлемін тану арқылы түсіндіру.
  2. 2 Оқушыларды практикалық астрономия элементтерімен таныстыру.
  3. 3 Астрономиялық білімді кеңейту, физика мен астрономияның байланысын нақтылау.
  4. 4 Жұлдызды аспанды танудың түрлі тәсілдеріне назар аударту.

Курстың міндеттері

  1. 1 Жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды пайдаланып, бағдарлануға үйрету.
  2. 2 Аспанда қарапайым бұрыштық өлшеулер жүргізуді үйрету және дағдыландыру.
  3. 3 Навигациялық шырақтармен таныстыру.
  4. 4 Жұлдызды аспанды өз бетінше бақылау тәсілдерін үйрету.

Толық нұсқа

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу үшін төмендегі түймені пайдаланыңыз.