Тура және кері санап шық
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Балаларды 3 саны және 3 цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тануға және бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелік
Қызығушылықты арттыру, тиянақтылыққа тәрбиелеу, бір-бірін тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Зат санын сәйкестендіру дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Сабақ кезеңдері
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Ұйымдастыру: оқушылардың оқу-құралдарын түгендеу, зейінді сабаққа шоғырландыру.
«Жемістер терейік» ойыны
- Тура және кері сана: 0 1 2 және 2 1 0
- Бұл қандай таңба? +
- - таңбасы туралы не білесің?
- +, -, = таңбалары не үшін керек?
- 0 саны мен цифры нені білдіреді?
- 2 саны туралы не білесің?
- Қандай геометриялық фигураларды білесің?
- 1 және 2: қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
- Бақытта 2 шие бар еді. Ол біреуін Раминаға берді. Бақытта неше шие қалды?
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты: балалар суретте берілген заттардың санын табады. Осы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.
«Суреттер сөйлейді»
Суреттер арқылы 3 саны мен 3 цифрын түсіндіру, санау мен сәйкестендіруді бекіту.
Жұмбақ есептер
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 2 туысын,
Ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара?
Жауабы: 3
Мұз айдында 1 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай?
Жауабы: 3
Талқылау сұрақтары
- 3 саны неге ұқсайды?
- 3 санына байланысты қандай өлең, тақпақ білесің?
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Дәптермен жұмыс
- 3 санын ауада жазу.
- 3 цифрын тақтаға жазу.
- Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Жұптық тапсырмалар
- Қай заттар үштен? Қоршап сыз.
- Суреттерді цифрмен сәйкестендіріп, сызықпен қос.
- Суреттерді салыстыр.
- Санын тап.
- Көршісін тап.
Сергіту сәті
«Зимняя физминутка»
Кері байланыс және түзету
«Микки Маус — волейболист» ойыны
Есептер шығару арқылы өткенді бекіту және жылдам ойлау дағдыларын дамыту.
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін қандай санмен таныстық?
- Үш саны неше бірліктен тұрады?
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
3 саны мен 3 цифрын таниды.
Нені түсінеді
3 цифрының жазылу жолы туралы түсінік қалыптастырады.
Нені меңгереді
Үш заттан тұратын топты табады және санын сәйкестендіреді.