Бүйрек үсті бездері

Терінің құрылысы, қызметі және маңызы

Бұл сабақта оқушылар терінің құрылысы, қызметі және маңызы туралы ғылыми тұрғыдан түсінік қалыптастырып, білімін тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы бекітеді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойын, логикалық тапсырмалар арқылы ой-өрісін кеңейту, ойлау шапшаңдығын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік

Ұйымшылдық пен сыйластықты нығайту, ізгілік қасиеттерге баулу, ұқыптылыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдістері
  • Түсіндіру, әңгіме-сұхбат
  • Жаңа технология элементтері
  • Логикалық тапсырмалар
  • Іскерлік ойындар
Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Ұйымдастыру

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Терінің құрылысы
  • 2-топ: Терінің қызметі
  • 3-топ: Терінің маңызы

Үй тапсырмасын тексеру

«Ер дәулеті — еңбек»
Қайталау бөлімі
1) Сұрақты суретте
  1. Денсаулықты нығайту және сақтау туралы ғылым.
  2. Жасушаны зерттейтін ғылым.
  3. Адам бүйрегінің массасы.
  4. Бүйректің өте қауіпті ауруы.
  5. Бүйрек қызметін зерттейтін дәрігер.
  6. Бүйректің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Жауаптары
  • 1Гигиена
  • 2Цитология
  • 3150 г
  • 4Нефрит
  • 5Уролог
  • 6Нефрон
2) Тест сұрақтары
Өзін-өзі тексеру
  1. Адам бүйрегінің массасы?
    A) 100 г    B) 150 г    C) 350 г
  2. Үрмебұршақ пішінді жұп мүше?
    A) өкпе    B) жүрек    C) бүйрек
  3. Бүйректің ойыс жағындағы ішкі кеңейген қуысы?
    A) бүйрек астауы    B) бүйрек қақпасы    C) нефрон
  4. Бүйрек ұлпасы неше қабаттан тұрады?
    A) 3    B) 2    C) 1
  1. Зәр шығару мүшесін көрсет.
    A) жүрек    B) өкпе    C) бүйрек
  2. Бүйректің сыртқы қоңырқай түсті қабаты?
    A) ми заты    B) қыртысты зат    C) бүйрек астауы
  3. Бүйректің ішкі бозғылт түсті қабаты?
    A) ми заты    B) қыртысты зат    C) бүйрек астауы
  4. Бүйрек үсті бездері қайсысына жатады?
    A) сыртқы секреция бездері    B) ішкі секреция бездері    C) аралас бездер
Жауап кілті
1B
2C
3A
4B
5C
6B
7A
8B
«Білгенге маржан»

Жаңа сабақ: терінің қызметі мен маңызы

  • Қорғаныш

    Денеге әртүрлі микробтардың енуінен сақтайды.

  • Жылу реттеу

    Дене қызуын сақтап, ысып немесе суып кетуден қорғайды.

  • Қозғалысқа қолайлылық

    Жеңіл әрі еркін қозғалуымызға мүмкіндік береді.

  • Су теңгерімі

    Ағзадағы судың мөлшерін белгілі көлемде ұстап тұруға қатысады.

  • Сыртқы жабыны және даралық белгі

    Тері — тұлғамыздың сыртқы жабыны. Терінің түсі меланин пигментіне байланысты әртүрлі болады.

Терінің құрылысы

Эпидермис
Сыртқы қабат
Эпителий

Көпқабатты эпителий ұлпасынан түзілген. Терең қабатында пигмент болады, терінің түсі осыған байланысты.

  • Қалыңдығы барлық жерде бірдей емес.
  • Алақан мен табанда қысым және үйкеліс көп болғандықтан қалыңдау.
  • Үнемі түлеп, төменгі қабаттағы жасушалар есебінен жаңарып отырады.
  • Негізінен өлі, мүйізденген жасушалардан тұрады.
  • Балаларда эпидермис өте жұқа болады.
Дерма
Нағыз тері (ортаңғы қабат)
Дәнекер ұлпа

Бұл қабатта қан тамырлары мен жүйке талшықтарының ұштары жиі тор түзеді. Балалар мен жасөспірімдерде дерма қабаты 16 жасқа дейін өседі.

  • Көптеген рецепторлар орналасады.
  • Май және тер бездері болады.
  • Түк түбірлері (шаш фолликулдары) орналасады.
Теріасты май қабаты
Ең терең қабат
Май ұлпасы

Жұмсақ дәнекер ұлпасынан және май жасушаларының шоғырынан тұрады. «Төсеніш» қызметін атқарады.

  • Қоректік заттар мен энергияның «қоймасы» саналады.
  • Соққыдан қорғауға көмектеседі.

«Бақытты сәт» ойыны

1) Бой сергіту

Қысқа сергіту сұрақтары.

2) Суретпен жұмыс

Көрнекілік арқылы талдау.

3) Жұмбақтас

Жұмбақ және ұғымдарды табу.

4) Сіз білесіз бе?

Қызықты деректер бөлімі.

5) Ойлан, тап!

Логикалық тапсырмалар.

1-топ: «Терінің құрылысы»
  1. Тері неше қабаттан тұрады? (жауап: ...)
  2. Қалыңдығы 4 мм-ге дейін болатын терінің үстіңгі қабаты. (жауап: ...)
  3. Тер және май бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі орналасқан тері қабаты. (жауап: ...)
  4. Май жасушаларымен толы, борпылдақ әрі жұмсақ қабат. (жауап: ...)
  5. Терінің туындылары. (жауап: ...)
2-топ: «Терінің қызметі»
  1. Терінің өкпеге ұқсас қызметі. (жауап: ...)
  2. Денені тым салқындаудан және қызудан сақтау қызметі. (жауап: ...)
  3. Организмдегі су алмасуды реттеу қызметі. (жауап: ...)
  4. Тітіркенуді қабылдау қызметі. (жауап: ...)
  5. Химиялық заттардың зиянды әсерінен қорғайтын қызметі. (жауап: ...)
3-топ: «Терінің маңызы»
  1. Теріні басқаша қалай атауға болады? (жауап: ...)
  2. Ыстық, суық, күйік, үсік жарақаттарын білдіретін сезім. (жауап: ...)
  3. Терінің әртүрлі түсі қай пигментке байланысты? (жауап: ...)
  4. Тері мықты және ... (жалғастырыңыз)