Құттықтаймын мама, туған күніңмен

Маңғыстау облысы • Түпқараған ауданы

Түпқараған ауданындағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші Алипкалиева Тәжігүл Ибраевна ұйымдастырған көктемгі мерекелік ертеңгілік өтті. Зал іші көктем сәнімен безендіріліп, көңілді әуенмен балалар мерекені бастап кетті.

8 Наурыз Көктем мерекесі «Қарақия» тобы

Ертеңгіліктің басталуы

Көрініс

Көңілді әуен ырғағымен залға бір ұл мен бір қыз бала кіріп, мерекелік көңіл күйді айқындай түсті.

Жүргізушінің құттықтауы

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар, Аналардан небір туған даналар. Ана деген — тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер және балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы — 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін сіздер «Қарақия» тобының «Келді, көктем құлпырып!» атты мерекелік ертеңгілігін тамашалайсыздар.

Ән

«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» — хор орындауында.

Көктемнің келуі

Кейіпкер

Залға әндетіп Көктем кіреді.

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!

Диалог

Жүргізуші: Көктем, біздің балалардың бәрі де әдемі, ақылды. Ал бүгін олар ерекше көңілді, себебі аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақ.

Көктем: Иә, бүгін — қуанышты мереке. Мен де әжемді мерекесімен құттықтауым керек. Бірақ алдымен мына әдемі, сүйкімді балалармен бірге билегім келіп тұр.

Би

«Көбелектер»

Жүргізуші: Сұлу Көктем, сіз керемет биші екенсіз! Енді балақайлар сізге арнаған тақпақтарын оқысын.

Батыр

Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.

Нұрсая

Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Ән

«Апам үшін» — орындайтын Әмірқызы Алтынай.

Анаға арналған арнаулар

Жүргізуші: Аяулы, асыл аналарымызға арналған тақпақтарға кезек берейік!

Айсұлу

Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ, көңілі,
Күн шуақты саялы.

Есет

Бәрімізге анасың,
Бізге күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, Анашым!

Алтынай

Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.

Ойын бөлімі

Жүргізуші: Осы залдағы бәріміз де сәбилік шақты бастан кешірдік. Сол балалық естелікті жаңғырту үшін «Сәбиді тамақтандырайық» ойынын тамашалайық.

Қатысушылар

Ойынға аналар тобы ортаға шығады.

Жүргізуші: Рахмет, аналар! Енді сәбилеріңіздің жүрекжарды тақпақтарына кезек берейік.

Мерекелік ертеңгілік жылы ықыласқа, шынайы құттықтауларға және балалардың өнеріне толы болды.