Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 32 мектеп - гимназиясының музыка пәнінің мұғаліміМухамедиева Дәмелі ОрынбасарқызыСабақтың тақырыбы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі: Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы

Сабақтың тақырыбы

Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы

«Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқов

Сабақтың мақсаты

  • Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын таныстыру арқылы оқушылардың қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
  • Музыканы терең түсініп тыңдай білуге және орындау дағдыларын дамытуға үйрету.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Логикалық ойлау
  • Баяндау

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ көрнекілігі

Интерактивті тақта

Материалды визуалдау

Портреттер

Композитор тұлғасын тану

Аспаптар

Орындауға бағыттау

Техникалық құралдар, слайд суреттер

Тыңдау және талдау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушыларды жаңа сабаққа жұмылдыру. Мұғалімнің амандасуы: «Сәлеметсіздер ме, балалар?»

Кіріспе бөлім

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. Оқушыларға сұрақ: «Қазіргі орындалған әнді бәріміз білеміз. Бұл қай ән?»

Жауабы: Мемлекеттік әнұран.

Әнұран авторлары

Әні
Ш. Қалдаяқов
Сөзі
Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

Негізгі ой

Бүгінгі сабақта «Менің Қазақстаным» әні ретінде дүниеге келіп, кейін мемлекеттің мақтанышына айналған туындының авторы, қазақ вальсінің королі атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын жалғастыра қарастырамыз.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Алғашқы тапсырма: «Зымыран сұрақтар».