Дұрыс айтасыңдар сөз таптары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Зат есім
- Сабақтың түрі
- Пысықтау сабағы
- Көрнекілігі
- Флипчарт
- Әдіс-тәсілдері
- Ойын, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау және одан әрі тереңдету.
Дамытушылық
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбектену.
Барлығымыз жұмыла отырып, 4–5-ке қол жеткізу.
Жұмбақ 1
Қабат-қабат қапталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін.
Жауабы: Кітап
Кітаптарың дайын ба?
Жұмбақ 2
Ұшымен қазық, Тор көзді жазық. Үстіне өттім, Асыл сөз жазып.
Жауабы: Дәптер
Дәптерлерің дайын ба?
Жұмбақ 3
Денесі бар шыбықтан, Темір тұмсық құдықтан. Сусын алып ішеді, Ойы із боп түседі.
Жауабы: Қалам
Қаламдарың дайын ба?
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Қайталап жіберейік.
Дұрыс жауап: сөз таптары.
Біз білетін сөз таптары: зат есім, сан есім, етістік, сын есім.
Топтастыру стратегиясы қолданылады. Үй тапсырмасы тексеріледі.
3) Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу
Жаңа сабақтың тақырыбын ребус арқылы шешіп табамыз: зат есім.
Ереже
Интербелсенді тақтадағы суреттер кім?, не?, кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап береді.
Заттың атын білдіретін және осы сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
Түрлері
- Жалқы есім
- Жалпы есім
Саны
- Жекеше
- Көпше
Жасалу жолы
- Негізгі зат есім
- Туынды зат есім
Кітаппен жұмыс
1-жаттығу: сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешу.
Жауабы: Зат есім