Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуде теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктерге түрлендіруді білу
Сабақтың тақырыбы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуде теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктерге түрлендіруді меңгеру.
- Есеп шығару барысында теңсіздіктерді шешуді алгоритм бойынша орындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Оқушылардың белсенділігін арттыру.
- Өз бетінше оқуға және ізденуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін, танымын және пәнге қызығушылығын дамыту.
Көрнекілігі
- Компьютер
- Бағалау парағы
- Сызбалар
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа топ басшысын белгілеу.