Үйге берілетін тапсырма

8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: XVIII ғасырдағы Қазақстан (қайталау-саралау сабағы)

Бұл сабақ XVIII ғасырдағы Қазақстан тақырыбы бойынша өтілген материалды жүйелеуге, тарихи оқиғалар мен тұлғаларды байланыстыра талдауға және оқушылардың дәлелді пікір айту дағдысын дамытуға бағытталған.

Жалпы мақсаты

«XVIII ғасырдағы Қазақстан» курсы бойынша өткен тақырыптарды жинақтау және білімді бекіту.

Негізгі идея

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын және жауапкершілігін арттыру, ой-өрісін дамыту, топта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері (Блум таксономиясы бойынша)

  1. 1

    Білу

    Жылнамалар мен шежірелер туралы мәліметті біледі және есте сақтайды.

  2. 2

    Түсіну

    Тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін түсіндіреді.

  3. 3

    Қолдану

    Тарихи деректерді тапсырмаларда қолданады.

  4. 4

    Талдау

    Оқиғаларды талдайды, салыстырады, себеп–салдар байланысын анықтайды.

  5. 5

    Жинақтау

    Тарихи оқиғаларды жүйелеп, қорытынды тұжырым жасайды.

  6. 6

    Бағалау

    Оқиғаға баға береді, өз пікірін дәлелмен ұсынады.

Іс-әрекет түрлері

  • Жеке жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Диалогтік оқыту, топтық талқылау
  • Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау

Қолданылатын ресурстар

  • Электронды оқулық, интерактивті тапсырмалар
  • Интерактивті тақта, бейнематериалдар
  • Портреттер, карталар (қиынды түрінде)
  • Маркерлер, стикерлер, түрлі түсті қағаз
  • Кітаптар, «Ұлан» газеті

Сабақ барысы (құрылым)

I кезең — Ұйымдастыру

Топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасы

Мұғалім әрекеті

  • «Кіру билеті» арқылы оқушыларды топқа бөледі.
  • «Елім-ай» әнін тыңдатады.
  • Электронды оқулықтан анимациялық материал көрсетеді (10-сынып, 9–10-анаимация).

Оқушы әрекеті

  • Билет түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.
  • Топ ережелерін еске түсіреді.
  • Ән мазмұнына байланысты өз ойымен бөліседі.
  • Тарихи оқиғаларға қатысты бейнебаян көреді.

II кезең — Өткенді қайталау және ой қозғау

Белсенді тапсырмалар, өзара бағалау

Ой қозғау сұрағы

«Тарих туралы сенің ойың қандай?»

I тапсырма — «Сандар сыр шертеді»

Хронологиямен жұмыс: негізгі даталарды сәйкестендіру, оқиғаларды уақыт ретімен орналастыру.

II тапсырма — «Тарихи тұлғалар»

Тақтадағы портреттер бойынша тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы қосымша мәлімет беру.

Өзара бағалау

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі

Топтарды ауыстыру

«Кіру билеттерінің» артындағы жазуларға сәйкес оқушылар орындарын ауыстырады.

Сергіту сәті

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады, бейнежазба көрсетіледі. Ордабасы тауында қазақ жүздері бір тудың астында біріккені туралы қысқаша ой айтылады: бұл бірлік идеясы бүгінгі бейбіт өмірмен сабақтастырылады.

III кезең — Қолдану, талдау, жинақтау

Карта, салыстыру, дерекпен жұмыс

III тапсырма — Картадағы оқиға

Оқушыларға карта қиықтары таратылады. Олар картаны құрастырып, бейнеленген оқиғаға түсіндірме береді.

Венн диаграммасы

XVIII ғасырдағы қозғалыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.

IV тапсырма — «Тарихи құжат беттерінен»

Оқушылар тарихи деректерді оқып, оның қай кезеңге тиесілі екенін анықтайды және қысқаша көрініс (инсценировка) көрсетеді.

Миға шабуыл — тест

Бекіту

Тақырып бойынша тест сұрақтарын орындайды. Электронды оқулықтан (10-сынып) №2 интерактивті тапсырманы шешеді.

Қорытынды, бағалау және рефлексия

Пікір, дәлел, кері байланыс

Қорытынды ой қозғау

«Елі сүйген Елбасы» тақырыбында Абылай хан мен Н. Назарбаев туралы өз ойларын білдіреді, тарихи сабақтастық туралы пікір ұсынады.

Бағалау

Бағалау өлшемдері негізінде жұмыс бағаланады. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалап, нәтижесін талқылайды.

Рефлексия (кері байланыс)

  • Бүгінгі сабақта мен үшін не қиын болды? Неге?
  • Бұл қиындықты ненің көмегімен жеңдім?

Үй тапсырмасы

  • «Қазақ елі – батырлар елі» тақырыбында тарихи шығарма жазу.
  • «Көшпенділер» фильмін көру.
  • Берілген шығарманы оқу.

Ескерту

Бағалау парағы сабақ соңында толтырылады және қысқаша талданады.