Магнит полюстері

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны.
Сабақтың типі
Құрама сабақ.
Сабақтың әдістері
Жаңа технологиялық әдістерге сай аралас жұмыс: баяндау, сұрақ-жауап, сынақ-байқау форматындағы тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс
География, физика, математика, геометрия, химия, электротехника.
Көрнекіліктер
Сызба-плакаттар, тірек-конспект.
Техникалық құралдар
Амперметр, вольтметр, осциллограф, магнит, катушка, өткізгіштер, лазер.

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат қалыптастыру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыстарды жүйелі түрде түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, білімін тереңдету және өріс бағытын талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа білімді қолдану және пайымдап қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушы бойында жауапкершілік, ұқыптылық және пәнге қызығушылықты арттыру; ұлттық өнер мен құндылықтарды сабақ мазмұны арқылы құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Дәрісхананың тазалығына және сабаққа дайындыққа назар аудару.

II. Өткен сабақты қайталау (15 минут)

Формат: «Жауаптарды толықтыр» ойыны (карточкалар арқылы бағалау)

Сұрақ Жауап
1 Магниттік индукцияның өлшем бірлігі Тесла (Тл)
2 Ферромагниттік материалдарды атаңыз Темір, болат, шойын, никель, кобальт, гадолиний
3 Магнит өрісі қай жерде пайда болады? Тогы бар өткізгіштің маңында
4 Магнит өрісінде заряд бола ма? Жоқ
5 Магнит полюстері Солтүстік (N) және оңтүстік (S)
6 Соленоид дегеніміз не? Спираль түрінде оралған, бір ось бойымен орналасқан жіңішке сымнан жасалған өткізгіш.
7 Бұранда ережесі Егер бұранданың ілгерілемелі қозғалысы өткізгіштегі ток бағытымен сәйкес келсе, онда бұранда тұтқасының айналу бағыты магнит өрісінің сызықтарының бағытын көрсетеді.
8 Солтүстік полюс қалай белгіленеді? N
9 Бір полюсті магнит жасау мүмкін бе? Жоқ

Ескерту: жауаптар карточкаларға толтырылады, ұпай беріледі.

III. Жаңа сабақ (30 минут)

Қаралатын сұрақтар

  • Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері.
  • Магнит ағыны.

Негізгі идея

Өрістердің суперпозиция принципін қолдана отырып, тогы бар дөңгелек орамның және шексіз ұзын тогы бар өткізгіштің тудыратын магнит өрістерінің индукциясын есептеу тәсілін қарастырамыз.

Дөңгелек орамның центріндегі магнит өрісі

Дөңгелек орамдағы I·Δl элементін қарастырайық. Магнит индукциясын табуда Био–Савар–Лаплас заңын қолданамыз:

|ΔBi| = k · I · Δl · sinα / R2

Бұл жағдайда

  • Барлық элементтер үшін α = 90°, сондықтан sinα = 1.
  • Шеңбердің центріне дейінгі қашықтық барлық элемент үшін бірдей: R.

Бағыты

Әрбір элемент тудыратын Bi индукция векторы сақинаның центрі арқылы өтетін және сақина жазықтығына перпендикуляр түзу бойымен бағытталады. Өріс бағыты бұранда ережесі арқылы анықталады.

Автор туралы

Оқу орны

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі

Пән оқытушысы

Жангазина Балшакар Тускеновна