Сендер осы аралға барасыңдар

Сабақтан тыс кездесу: білімімізді жаңа қырынан көрсету

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін біз күнделікті сабаққа ұқсамайтын, сабақтан тыс іс-шара аясында бас қосып отырмыз. Бұл жолы сіздер физика мен информатика пәндерін тек теория ретінде ғана емес, ойын, жарыс және зерттеу арқылы жаңа қырынан көріп, өз білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді сынап көресіздер.

Іс-шараның атауы: «Білімді мыңды жығар»

Ойын атауының өзінен-ақ бүгінгі мақсат айқын: білгенімізді ортаға салу, білімімізді нақты тапсырмалар арқылы көрсете білу.

Бүгін біз «саяхатқа» аттанамыз. Әр адам сапарға шығарда өзіне қажетті заттарын жинайды, ал сіздер өздеріңізбен бірге білім мен шеберлікті ала жүріңіздер. Сәт сапар!

Кештің рухын көтеретін жолдар

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика – астрономия елінде,

Информатика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Бағалау және әділ қазылық

Ойынымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасы таныстырылады:

Қазылар алқасы

-----------------

Сюжет: жаңа арал және зерттеу сапары

Бізге «спутниктен» хабарлама келді: жаңа арал пайда болыпты. Бүгін сіздер сол аралға барасыздар. Мақсат — аралды зерттеп, ең үздік зерттеушілерді анықтау.

Жолға шығар алдында бізге карта керек. Картаны алу үшін әр топ өздерін таныстырып, эмблемасын қорғап, ұранын айтады.

I тур: Таныстыру, эмблема қорғау

«Кулон» тобы

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу — алға қойған мақсаты. Шығып жүрген жақсы аты — «Кулон» тобы.

Ұран

Қандай сынақ болса да берілмей,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Топ мүшелері эмблемасын таныстырып, ұранын қорғайды.

«Ақпарат» тобы

Жиналған ылғи дарындар: жүректе от, көздерінде жалын бар. «Ақпарат» тобын қол соғып қарсы алайық!

Ұран

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Топ мүшелері эмблемасын таныстырып, ұранын қорғайды.

Таныстыру кезеңі аяқталды: тапсырма орындалды, карта алынды. Енді алдарыңыздан сарқырама шықты. Сарқырамадан өту үшін сұрақтарға жауап беру қажет.

II тур: Сұрақ–жауап

Ереже

  • Әр топқа 20 сұрақ беріледі.
  • Әр сұрақ 1 балл.

Жарысқа жігер берер сөз

Мықты болсаң — алдыңғыны басып оз,

Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң — шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң — заманыңды көктеп өт!

«Кулон» тобына арналған сұрақтар

Бірінші болып «Кулон» тобы жауап береді:

  1. 1. Табиғат туралы ғылым. (Физика)
  2. 2. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды қалай атайды? (Кодтау)
  3. 3. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыстар табиғи құбылыстар бола ала ма? (Жоқ, бұлар физикалық құбылыстар)
  4. 4. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
  5. 5. Заттың үш күйін ата. (Қатты, сұйық, газ)
  6. 6. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою қалай аталады? (Мәтінді форматтау)
  7. 7. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
  8. 8. Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
  9. 9. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі. (Метр)
  10. 10. Компьютерді зақымдаушы. (Вирус)
  11. 11. Күн шығатын жақ. (Шығыс)
  12. 12. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші құрылғы. (Сканер)