Анализаторлар - сезім мүшелері қорытындылау
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы
Биология пәні мұғалімі: Мукашева Айнур Жакияновна
Сабақ тақырыбы
Қаңқа бөлімдері
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс
Химия, медицина
Қолданылатын әдістер
- Тест тапсырмалары
- Сұрақ-жауап
- Баяндау
- Пікір алмасу
Көрнекіліктер
Сабақ мақсаты
1)
Қаңқаның атқаратын қызметі, тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қасиеті туралы мағлұмат беру.
2)
Бас қаңқасы, дене қаңқасы, кеуде қуысы, иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасының құрылысы мен қызметін тереңірек түсіндіру.
3)
Адам үшін қаңқа бөлімдерінің маңызын, сондай-ақ омыртқа жотасының атқаратын қызметін талқылап, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушыларды үш топқа бөлу.
II. Үй жұмысын тексеру
Ү бөлім бойынша «Анализаторлар — сезім мүшелері» тақырыбын қорытындылаймыз. Бүгін бір тарауды аяқтап, жаңа тарауды бастаймыз. Үйде осы тарауды қайталап келу тапсырылған болатын.
Сұрақ:
Анализаторлар, яғни сезім мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
- Көру мүшесі
- Есту мүшесі
- Тепе-теңдік мүшесі
- Тері сезімі
- Бұлшықет сезімі
- Дәм сезу мүшесі
- Иіс сезу мүшесі
1-тапсырма: Тест
10 сұрақ-
1. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден қанша пайыздан көп ақпарат алады?
A) 70% B) 80% C) 90% D) 100% E) 10% -
2. Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады?
A) Ақ қабық, тамырлы қабық, тор қабық B) Тамырлы қабық пен нұрлы қабық C) Қарашық пен қасаң қабық D) Көзбұршақ пен қарашық -
3. Көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді:
A) Ақ қабық B) Тамырлы қабық C) Тор қабық D) Нұрлы қабық E) Қасаң қабық -
4. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?
A) Қарашық B) Соқыр дақ C) Сары дақ D) Шыны тәрізді дене E) Таяқшалар мен құтышалар -
5. Көздің ішкі бөлігі мына затпен толтырылған:
A) Таяқшалар B) Құтышалар C) Шыны тәрізді дене D) Көзбұршақ E) Тор қабық -
6. Жартылай иірім өзектері (шытырман құлақ) құлақтың қай бөлігінде орналасқан?
A) Сыртқы құлақ B) Ортаңғы құлақ C) Ішкі құлақ D) Вестибула аппаратында -
7. Тепе-теңдік мүшесі — бұл:
A) Вестибула аппараты B) Рецептор C) Аккомодация D) Адаптация -
8. Саусақта, тілдің ұшында және ерінде қандай рецепторлар көп болады?
A) Есту B) Көру C) Иіс сезу D) Сипап сезу E) Барлығы дұрыс -
9. Есту жолының түбінде қандай бездер бар?
A) Сілекей бөлетін B) Құлық бөлетін C) Зәр бөлетін D) Тер бөлетін -
10. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?
A) Тәтті B) Қышқыл C) Ащы D) Тұзды E) Дәм сезбейді
2-тапсырма: Интерактивті тақтадағы ұяшықтар
Оқушылар бір ұяшықты таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Көру мүшесі
- A) Көздің қосымша мүшелері: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшелері, көзді қимылдататын бұлшықеттер.
- Ә) Жарықты өткізетін қабық: қасаң қабық.
- Б) Тор қабықтағы жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар.
- В) Көзді зақымданудан қалай сақтау керек?
Есту мүшесі
- A) Есту мүшесінің бөліктері: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ.
- Ә) Есту сүйекшелері: балғашық, үзеңгі, төстік.
- Б) Вестибула аппараты құлақтың қай бөлімінде орналасқан? Ішкі құлақта.
- В) Есту мүшесінің гигиенасы.
Тері сезімі
- A) Тері сыртқы ортамен қалай жанасады? Тікелей.
- Ә) Жылу мен суықты сезетін рецепторлар қайда орналасады? Бетте және ерінде.
- Б) Сипап сезу мүшесі кімдерде жақсы дамиды? Көзі көрмейтін адамдарда.
- В) Ауырсыну рецепторларының саны: 1 см²-де шамамен 100.
Иіс сезімі
- A) Иіс сезу рецепторларының қызметі бұзылмауы үшін адам не істеуі керек?
- Ә) Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан? Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында.
- Б) Иіс сезу рецепторларының пішіні: түйреуіш тәрізді.
- В) Иіс сезу қабілеті жойылса, қай сезім мүшесі әлсірейді? Дәм сезу.
Дәм сезу
- A) Дәм сезу бүртіктері сезетін дәмдер: ащы, қышқыл, тәтті, тұзды.
- Ә) Тілдің ұшы қандай дәм сезеді? Тәтті.
- Б) Ауызға түскен құрғақ тағамды ерітетін сұйықтық: сілекей.
- В) Тілдің бүйір шеті қандай дәмді сезеді? Қышқыл.
III. Жаңа тақырып: §23. Қаңқа бөлімдері
Негізгі ұғымдарАдам қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің өзіне тән пішіні, мөлшері және қаңқадағы орны бар.
Бас қаңқасы
Бас сүйек екі бөлімнен тұрады: ми сауыты және бет бөлімі. Ми сауытының сүйектері — маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері — өзара берік байланысқан және миды қорғайды.
Маңызды құрылым
Шүйде сүйегінде үлкен тесік болады — осы жерде ми мен жұлын жалғасады.
Өткізгіш жолдар
Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қантамырлар өтеді.
Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер құрайды: қозғалмайтын үстіңгі жақ және қозғалмалы астыңғы жақ. Жақ сүйектерінде тістер орналасады.
Назар аударатын жайт
Тістер — қаңқаның жалаң (сыртқа көрінетін) бөлігі. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда терең орналасатындықтан, тістер берік бекиді.