Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті (1 - сабақ)Зерттеу сұрағы
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті (1-сабақ)
Зерттеу сұрағы
Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?
Оқу дағдылары
- Білу
- Түсіну
- Қолдану
Алдыңғы білім
Оқушылар көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы біледі.
Оқу мақсаттары
(Оқу бағдарламасына сәйкес)
5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау.
Сабақтың мақсаты
-
Барлық оқушылар:
Көшпелілер баспанасының ерекшелігін түсінеді.
-
Оқушылардың басым бөлігі:
Көшпенділердің қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
-
Кейбір оқушылар:
Көшпенділердің өркениетке қосқан үлесін анықтайды.
Бағалау критерийлері
- Көшпенділер баспанасының ерекшелігін біледі.
- Көшпенділердің қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін түсінеді.
- Көшпенділердің өркениетке қосқан үлесін анықтайды.
Пәнаралық байланыс
- Дүниежүзі тарихы
- Қазақ әдебиеті
Құндылықтарға баулу
- Тарих, мәдениет және тіл біртұтастығын түсіну.
- Тарихи жәдігерлерге құрметпен қарау.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар мәтінмен жұмыс барысында тірек сөздерді анықтап, дәптерге жазады; тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамытады.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Сабақтың басы
Қызығушылығын ояту
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Тренинг: «Мен саған тілеймін…» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы топқа бөлу:
- I топ: Киіз үй
- II топ: Текемет
Үй тапсырмасын тексеру
«Х–О» әдісі: өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Көшпелілер қандай шаруашылықпен айналысты?
- Қандай төрт түлікті қолға үйретті?
- Көшпелі мал шаруашылығы несімен тиімді болды?
- Төрт түліктен қандай өнімдер алынды?
- Жыл мезгілдеріне байланысты көшу түрлерін атаңдар.
- «Мәдениет» сөзіне қандай анықтама бере аламыз?
- Мәдениет түрлерін атаңдар.
- Жұмбақ: «Ұқсайды шеңберге, қабырғасы жиылып, керіледі. Жиһазы мол, кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді». (Жауабы: киіз үй)
Бағалау
«Үш шапалақ» әдісі.
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы айтылғаннан кейін ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті туралы бейнеролик көрсетіледі. Бейнематериалға дейін төмендегі сұрақтар ұсынылады:
- Киіз үй туралы не білесіңдер?
- Киіз үй неден жасалады?
- Киіз үйдің бөліктерін атаңдар.
ДЖИГСО әдісі
Топ мүшелері өз ойларын жеке жазады, топ ішінде талқылайды және ортақ пікір қалыптастырады. Ортақ ойды қағаздың ортасына түсіріп, қорғайды.
Мәтінмен жұмыс: топтық тапсырмалар
1-топ
Киіз үй
Тапсырма: мәтінмен танысып, киіз үйдің құрылымын, түрлерін және бөліктерін сипаттаңдар.
Дескриптор
Көшпелілердің негізгі баспанасы – киіз үйдің құрылымын, түрлерін және бөліктерін талдайды.
2-топ
Қолөнер бұйымдары
Тапсырма: қазақтардың өмірі мен тұрмысына қажетті құрал-жабдықтар мен қолөнер бұйымдарын атап, мысалдар келтіріңдер.
Дескриптор
Қазақтар тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасағанын дәлелдейді.
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы.
Психологиялық дайындық
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп,
Достық үйін құрайық.
Қосымша тапсырма
1-топқа арналған: «Сәйкестендіру» әдісі.
Автор туралы мәлімет
Мектеп
Атырау облысы, Индер ауданы, Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі
Пән мұғалімі
Тарих пәнінің мұғалімі — Оразбай Сағыныш Маратқызы