Тұңғыш ғарышкер
Пәні: Ана тілі (3-сынып)
Сабақ тақырыбы: «Тұңғыш ғарышкер» (Олжас Сүлейменов)
Бұл сабақта оқушылар тұңғыш ғарышкер туралы негізгі деректермен танысып, Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқып, оның мазмұны мен идеясын талдайды.
Білімділік мақсаты
- Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру.
- О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін оқыту.
- Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты
- Сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
- Ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
- Өнер мен білімге сүйіспеншілікті арттыру, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Әдіс-тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік арқылы түсіндіру, жарыс элементтері және ойын әдістері.
Сабақ құрылымы
- 1Ұйымдастыру кезеңі
- 2Үй тапсырмасын тексеру
- 3Жаңа сабақ
- 4Жаңа сабақты бекіту
- 5Қорытындылау және бағалау
- 6Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын әзірлеу.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс
Оқушылардың білімін белсенді меңгеруге дайындау кезеңі ретінде жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізіледі.
Маңызды дерек: Көктем мезгілінде 12 сәуір — Ғарышкерлер күні.
III. Жаңа сабақ
Тақырып және мақсатпен таныстыру
Негізгі ұғымдар: ғарыш, ғарышкерлер (суреттермен жұмыс).
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
- Мазмұнын түсіндіру, негізгі ойды айқындау.
Оқушылардың жұмысы
- Өлеңді тізбектей оқыту.
- Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Өлең мазмұнын терең түсіну үшін төмендегі сұрақтар мен тапсырмалар орындалады. Мақсат — мәтіндегі көркемдік тәсілдерді байқап, авторлық идеяны дәлелмен айту.
Сұрақтар
- Тұңғыш ғарышкер (космонавт) кім?
- Ақын Гагариннің «ақ жолын» неліктен «ала бөтен» деп атайды?
- Неліктен ақын елді, тарихты, өлеңді, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан сәтін ақын қалай суреттейді?
- Ақын Гагариннің Жерді сүйетінін, қадірлейтінін қалай бейнелейді?
- Дүниежүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер — Гагарин. Ал тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкері кім? Ол туралы не білесің?
- Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Ал Тоқтар Әубәкіров ше?
Тапсырмалар
- Өлеңді дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқы.
- Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әр жолдағы мағынасын түсіндір.
Қысқа дерек: Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Әубәкіров — ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш. Ол 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 Май колхозында темір ұстасының отбасында дүниеге келген. Жастай ата-анасынан айырылып, апасының тәрбиесінде өскен. 1991 жылдың қазан айында ғарышқа көтерілді. Осы ерлігі үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
V. Қорытындылау, бағалау
Талқылау сұрағы: Бүгін біз не білдік? Қандай ой түйдік?
Оқушының білімі мен белсенділігі бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Түсінік айтуға дайындалу.
Мұғалім
Жансеитова Жазира Жанабиловна
Материал: «Тұңғыш ғарышкер» — Олжас Сүлейменов