Күзде сары жапырақтар
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп және мұғалім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы.
Тақырып
«Күз — мереке, күз — береке»
Мақсаты
Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері
- Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету.
- Сөз қорын байытып, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Табиғатты аялауға, сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Әдістері мен көрнекіліктері
Әдістері:
көрсету, тақпақ айту, ойындар, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктері:
тақырыптық және үлестірмелі суреттер, жеміс-көкөніс муляждары, себеттер, «Күз келбеті» композициясы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Білер қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
II. Күздің келуі
Ән әуенімен көрінісӘн әуенімен күз кіріп келеді. Балалар оны қарсы алып, амандасады.
Сұрақ-жауап
- — Мен кіммін?
- — Күз.
- — Қазір қай жыл мезгілі?
- — Қазір күз мезгілі.
- — Қандай күз айлары бар?
- — Қыркүйек, қазан, қараша.
III. Күз туралы тақпақтар
Оқушылар орындауыАйдос
Сары алтындай сары күз —
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағыңыз.
Ақбота
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Мұрагер
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Назерке
Көк аспаның мөлдірер,
Алтын күзің елжірер.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
IV. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Қыс — құнар береді,
Көктем — дән себеді,
Жаз — баптап өсірсе,
Күз — жинап береді.
V. Тіл дамыту
Бақылау және сипаттауАйсана
Өрік, алма, шие, алша —
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз —
Дүкендерге түседі.
Балалардың жауаптары
- Күзде күн салқындайды.
- Жапырақтар сарғаяды, алуан түске боялады.
- Жапырақтар жерге түседі.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Жемістер мен көкөністерді жинаймыз.
- Күзде еңбек көп болады.
VI. Жұмбақтар
Ой қозғау
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.
Жауабы: Сәбіз
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Жауабы: Пияз
VII. Ойын: «Кім жылдам?»
ТоптауБалалар көкөністер мен жемістерді ажыратып, оларды тиісті себеттерге жылдам топтастырады.
VIII. Үлестірмелі суреттермен жұмыс
Салыстыру, сипаттауСипаттау үлгілері
- Алма — жеміс. Домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.
- Қияр — көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.
- Шие — жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.
- Сәбіз — сопақша. Сары сәбіз. Үлкен сәбіз.
Дағдыны бекіту
Оқушылар суреттердің атауын атап, түсін, пішінін салыстырады және сөз тіркестері мен қысқа сөйлемдер құрайды. Бұл жұмыс күз тақырыбы бойынша сөздік қорды кеңейтіп, байланыстырып сөйлеуді дамытады.
Қорытынды
ҚоштасуКүздің сөзі
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы
Бұл — күзде болады.
Күз балаларға алғыс айтып, қоштасады.