Жаңа сабақ барысы
Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы
МАД класы · Білім беру саласы: Қатынас · Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер
Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Негізгі идея
Әр мамандық маңызды, дұрыс таңдау үшін еңбек пен білім қажет.
Мақсаты
1) Білімді толықтыру
Балалардың мамандықтар туралы білімін кеңейту.
2) Сөйлеу мен зейінді дамыту
Сұрақтарға толық жауап беруге және сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру арқылы зейінін дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Болашақ мамандық таңдауға ықпал етіп, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Мотивациялық қозғаушылық
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бір, екі, үш —
Класс іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Шаттық шеңбері
Жан-жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жүрегім жыли бастайды.
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Балалар, осы жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
III. Жаңа сабақ
Кіріспе
- Мамандықтар туралы суреттер бойынша әңгімелесу.
- Балалардың мамандықтар туралы білетін тақпақтарын айтқызу.
- Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтар және түсіндірме
Зымыранды ерттеген, ай-жұлдызды зерттеген.
Жауабы: Ғарышкер
Ғарышкер — ғарышта аспан денелерін зерттейтін маман.
Мектептің жүрегі, білімнің тірегі.
Жауабы: Мұғалім
Мұғалім — әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал жан.
Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты.
Жауабы: Дәрігер
Дәрігер — ақ халатты мейірімді жан, адамға шипа беретін көмекші.
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Мамандық
Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат нақтыланады. Одан кейін балалардан: «Тағы қандай мамандықтарды білеміз?» — деп сұралады.
Негізгі ой
Мамандықтың түрі көп: дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз және басқа да көптеген мамандық бар. Мамандықтың жаманы жоқ — ең маңыздысы оны дұрыс таңдай білу.
Қалаған мамандық иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет. Әр мамандық үлкен өнер мен зор шеберлікті талап етеді, ал әр маман өзіне тән жұмысы және шеберлігімен ерекшеленеді.
Слайд арқылы түрлі мамандық иелері көрсетіліп, балалармен сұрақ-жауап жұмысы жүргізіледі.
IV. Жеке жұмыс (дәптермен)
Ойын: «Мамандық құралын тап»
Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту. Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралды қарындашпен сызып көрсетеді.
V. Жұптық жұмыс
Құрастыру ойыны: бөлшектенген парақтағы суретті құрастырғанда бір мамандық иесі шығады.
VII. Топтық жұмыс
Мақсаты: ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынасты нығайту, сыпайылық, инабаттылық және адамгершілік сезімдерін ояту.
Үш түрлі сурет ұсынылады. Балалар өз қалауы бойынша сурет таңдап, топқа бөлінеді. Таңдалған мамандыққа сәйкес қимылды ойын ойнайды: аспазшы, футболшы, биші.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақтар
- Ата-анаң қайда жұмыс істейді?
- Өскенде кім болғың келеді?
Бүгін біз мамандықтар туралы мағлұмат алдық. Топқа бөлініп, ойын арқылы әртүрлі мамандықтың іс-әрекетін көрсете отырып, өзіміз де еңбек еттік. Қандай еңбек болса да, оның өз мамандығы болады.
Сендер қалай ойлайсыңдар: мамандықтардың бәрі қажет пе?
Іс-әрекетке белсенді қатысқан балалар мадақталады. Сабақ «Болайықшы осындай» әнімен аяқталады.