Сабақ жүрісі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
7-сынып • Қайталау сабағы • Сұрақ-жауап әдісі
Тақырыбы
Шылаудан өткенді қайталау
Сабақ түрі
Қайталау және бекіту
Әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, құрастыру
Сабақтың мақсаттары
-
1
Шылау туралы өткенді еске түсіріп, білімді жүйелеу және пысықтау.
-
2
Ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, шығармашылық дағдыны жетілдіру.
-
3
Достыққа, бірлікке және ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.
- Сабақтың ерекшелігін атап, мақсатымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
Талдау • Қайталау • БекітуТірек ой
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» — А. Байтұрсынұлы.
Осы даналыққа сүйене отырып, оқушылардың пікірін тыңдау және жаңа сабақты ашу.
1) «Зымыран сұрақ»
Жедел сұрақтар- Шылау дегеніміз қандай сөз табы?
- Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?
- Сөйлемдегі қызметіне қарай шылаулар нешеге бөлінеді?
- Жалғаулық шылау деген не? Оның түрлерін атаңыз.
- Демеулік шылау туралы не білесіз?
- Септеулік шылаулардың ерекшелігі қандай?
2) «Жұмбақ сөз»
Әдебиеттен алынған үзінділер: ақын мен өлең атауын табу
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты!
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жел соғарлы, сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны атсыз жалпақ тақтайдай-ақ.
3) «Ой жинақта: талдаумен»
Фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау
Тапсырма
Берілген сөйлемдерге жан-жақты талдау жасап, тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтарға жауап беру.
- Қазақстанда бүгінде жүзден астам ұлт ынтымақта өмір сүреді.
- Құлыншақ — қай жануардың төлі?
- Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.
Әр дұрыс жауапқа «асық» арқылы ұпай беріледі.
4) «Дәлелді жауап»
Асты сызылған сөздердің мағынасын дәл анықтау
Мәтін бойынша тапсырма (үзінділер):
- Ренжідіңіз бе, балуан?
- Әбіш айтқан сөзден шошынарын да, қуанарын да білмегендей.
- «Дүниенің қызығы құс салу екен ғой!» — деп бір қойды.
- Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың-ау!
- Ақан әрі ойланып, бері ойланып, сенімді шешімге бел байлады.
- Ол ертең көрермендер алдында өнер көрсетпек екен.
5) «Лездеме»
Тірек сөздер арқылы сөйлем құрау, мәтін жазу
Осы тірек сөздерді пайдаланып, мағыналық байланысы бар сөйлемдер құрастырып, шағын мәтін жазыңыз.
6) «Сауалнама сайыс»
Жедел жауап пен дәлелдеуді қатар бағалау
Сыныппен сауалнама жүргізіліп, шылау түрлері мен сөйлемдегі қызметі бойынша қысқа сұрақтарға кезекпен жауап беріледі.
7) «Сынық сұрақ — дұрыс жауап»
Шылауды табу немесе неге шылау емес екенін түсіндіру
1.
Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
2.
Кімсің келген, Әселмісің?
3.
Ол ескерткенді жек көреді.
4.
Әжем үйге келген қонақтарға ақ ұсынды.
5.
Мен, Асылхан, Данияр үшеуіміз — доспыз.
III. Сабақты қорытындылау
Қорытынды«Шылау» тақырыбы бойынша меңгерген білімді жинақтау, негізгі ұғымдарды бекіту.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
IV. Үй тапсырмасы
Шылау түрлерін қайталап, әр түріне кемінде 5 мысалдан сөйлем құрастырыңыз. Мысал сөйлемдердегі шылаудың қызметін қысқаша түсіндіріңіз.
V. Бағалау
Оқушының белсенділігі, жауаптың дәлдігі, талдаудың толықтығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.