Жіктеу есімдігі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі
Сабақтың түрі мен типі
- Түрі: аралас
- Типі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Интербелсенді тақта (слайдтар)
- Кестелер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, халықтық педагогика.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушының есімдік туралы алған білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бағалау; жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру.
Тәрбиелік
Оқушылардың қызығушылығын арттыру; ақыл-ой мен парасаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақтар және грамматикалық ойындар арқылы ой-өрісін дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.
Үй тапсырмасын тексеру
Есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
Пысықтау сұрақтары
- 1 Есімдік дегеніміз не?
- 2 Есімдік мағынасына қарай қалай бөлінеді?
Жаңа сабақ: Жіктеу есімдігі
Жіктеу есімдігі белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылып, сөйлеуші, тыңдаушы немесе бөгде адамды білдіреді. Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
Жекеше және көпше түрлері
| Жекеше | Көпше |
|---|---|
| Мен | Біз, біздер |
| Сен | Сендер |
| Сіз | Сіздер |
| Ол | Олар |
Мысалдар
Мен — балаң, жарық күнде сәуле қуған...
Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек.
А. Байтұрсынов
Қазақстанның болашағы сенің қолыңда, жас ұрпақ! Ол — елдің тірегі.
Септелудегі ерекшеліктер
Мен, сен, ол жіктеу есімдіктері септелгенде бірқатар дыбыстық өзгерістер болады:
- Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады.
- Жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады.
- Көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы, -і дәнекері пайда болады.
- Барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктелуі
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі. Яғни есімдік қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Сынып жұмысы және тапсырмалар
Жаттығу
Сынып ішінде 77-жаттығу орындалады.
«Сен құрметте оны.»
1-тапсырма: Жұмбақ
Есімдіктерді табыңыз.
Маған да, саған да, Жақын туыс — бес адам. Үш әріптен тұратын, Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың, Айтшы, кәне, кім атын?
2-тапсырма: Өлеңнен жіктеу есімдігін табу
Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңінен жіктеу есімдіктерін тауып, талдаңыз.
Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.
3-тапсырма: Дәйексөзді талдау
«Қазақстан — менің Отаным. Оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын».
Нұрсұлтан Назарбаев
4-тапсырма: Бос орынға тиісті есімдікті қойыңыз
Ақындардың өлеңдерінен үзінділер берілген. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыз.
1) Бақыт деген — ... бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Мұқағали Мақатаев
2) ... қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Тұманбай Молдағалиев
3) ... жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Абай Құнанбайұлы
Қорытынды бөлім
Бекіту
Жіктеу есімдіктерін тану, септелуі мен жіктелуін қорытындылау.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмалар бойынша жауаптарын бағалау.
Үй тапсырмасы
79-жаттығу: ақындардың өлеңдерінен үзінді келтіріп, есімдіктерді табу.