Кәне сипайықшы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Негізгі мәліметтер
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Оқу іс-әрекет түрі
- Тіл дамыту
- Тақырыбы
- Менің сүйікті мысығым
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Балаларды мысықпен және оның төлі — марғаумен таныстыру, мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
-
Білімділік
Сөздік қорын молайту, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
-
Дамытушылық
Ұсақ қол моторикасын және ауызша сөйлеу тілін дамыту.
-
Тәрбиелік
Мысыққа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
- Монтессори технологиясы
- Әңгімелесу
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
Көрнекіліктер
- Мысық бейнеленген суреттер
- Қыстырғыш
- Қорапша
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші мен балалардың өзара әрекеттесуіне арналған жоспар.
1) Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
Шаттық шеңбері
Армысың, асыл күнім,
Армысың, асыл жерім,
Армысың, асыл досым.
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
Сұрақтар арқылы белсендіру
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
2) Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
- Мынау не, балалар?
- Бұл — мысық. Ал мысықтың баласы — марғау.
- Қане, бірге қайталап айтайық: мысық, марғау.
Тосын сәт (болжам стратегиясы)
Есік қағылады. Бөлмеде әдемі қорап пайда болады.
- Балалар, бұл әдемі қорапты кім әкелді деп ойлайсыңдар?
- Қораптың ішінде не болуы мүмкін?
Нәтиже
Көңілді әуен ойнап, қораптан сүйкімді мысық шығады.
Мысық туралы қысқаша мәлімет
Жалпы сипаттама
Мысық — үй жануары. Оның түсі әртүрлі болады: ақ, сары, қара және т.б.
Дене мүшелері
- 2 көзі, 2 құлағы
- Құйрығы, мұрны, мұрты
- 4 аяғы
Қорегі және сезіну
Жүні жұмсақ, сипап көруге болады. Мысық сүт ішеді, балық жейді, кейде тышқан ұстайды.
Ұсыныс: «Қане, сипап көрейікші» — деп балаларды сезім мүшелері арқылы тануға ынталандыру.
3) Рефлексия
Орындалған тапсырмалар бойынша қорытынды жасалады: балалардың жауаптары толықтырылып, қателері түзетіледі. Негізгі ұғымдар қайта бекітіледі: мысық, марғау, үй жануары, сондай-ақ мысыққа қамқорлық жасау туралы әңгіме жүргізіледі.