Қызғалдақ гүлінің формуласын жаз

6-сынып биология • Сабақ 22

§24. Гүлшоғырлар және олардың биологиялық маңызы

Бұл сабақта өсімдіктің генеративті мүшесі — гүл туралы бұрынғы білімді еске түсіре отырып, гүлшоғыр ұғымын ашамыз, оның түрлерін жеке-жеке қарастырамыз және биологиялық маңызын мысалдар арқылы түсіндіреміз.

Сабақтың мақсаты

Гүлдің құрам бөліктері мен құрылысын еске түсіріп, «гүлшоғыр» сөзінің мағынасын түсіндіру; гүлшоғыр түрлерін жүйелі түрде көрсету; гүлшоғырлардың биологиялық маңызын нақты мысалдармен оқушыға терең жеткізу.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: гүлшоғырлар және олардың биологиялық маңызы туралы білім қалыптастыру.
  • Дамытушылық: өздігінен іздену, қосымша материалды пайдалану дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға және аялауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақтың түрі
Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі
Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту әдісінің элементтері
Көрнекіліктер
Электронды көрсетілім; гүлшоғырлардың кеппе үлгілері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ 4 бағыт бойынша жүргізіледі:

  1. 1 Ой қозғау — нені білеміз?
  2. 2 Іздену — нені білгіміз келеді?
  3. 3 Ой қорыту — нені білдік?
  4. 4 Ой дамыту — танымдық ойындар.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау: «Нені білеміз?» сұрақтары

1. Гүл дегеніміз не?

2. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.

3. Гүлсерік қандай бөліктерден тұрады және қалай бөлінеді?

4. Қосжынысты гүлдер деп қандай гүлдерді айтады?

5. Даражынысты гүлдердің ерекшелігі неде? Неліктен «аталық гүл» немесе «аналық гүл» деп атайды?

6. Бірүйлі және екіүйлі өсімдіктердің айырмашылығын мысалмен түсіндіріңдер.

7. Гүл формуласы қалай белгіленеді?

8. Жыныссыз гүлдердің ерекшелігі неде? Мысал келтіріңдер.

9. Қызғалдақ гүлінің формуласын жазыңдар.

10. Асбұршақ гүлінің формуласын жазыңдар.

11. Алабота гүлінің формуласын жазыңдар.

12. Картоп гүлінің формуласын жазыңдар.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Іздену • Нені білгіміз келеді?

Гүлшоғыр — гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы.

Толық нұсқасын жүктеу.