Баяғыдай күндерім түнге ұласқан, Түнді сүйем

Мұқағали Мақатаев

Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Дәл осылай он алты жасымда мен,
Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Баяғыдай мінезім, ақылым да,
Кеткенім жоқ әлі ұзап шақырымға.
Мытып қалсам өкшемді атырылған,
Жирен тай жоқ жалғыз - ақ тақымымда.
Баяғыдай күндерім түнге ұласқан,
Түнді сүйем...
Сүюші ем түнді жастан.
Өмір деген мектепті бітіре алмай,
Көше алмай - ақ келемін бір кластан.
Баяғыдай шыт - шыбыр жейделерім,
Баяғыдай күлгенім, сөйлегенім.
Баяғыдай ұрттап ап ыстық астан,
Аузым күйіп қалады кейде менің.
Баяғыдай...
Бәрі де баяғыдай.
Баяғыдай кілемін жаяды май.
Енді маған қырықтың қылығын бер,
Ақылын бер, арын бер, ая, құдай!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев жайында
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Құтты біліктің зерттелуі
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Сөздің фонетикалық варианттары
Мың бір түн сюжеттері негізіндегі қазақ ертегілері
Сүйем туған тілімді
Біздің еліміз өте үлкен мен оны сүйемін, болашақта елдің үлкен азаматты боламындеп үміттенемін
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
А капеллалық және сүйемелмен орындалатын музыкалық шығарма бойынша
Қарыс сүйем
Мұқағали МақатаевКүн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай
Сүйемін туған жерімді
Мұқағали МақатаевЖақсы аттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім, ием де - сен
Мағжан Жұмабаев Сүйемін - Қалай таптыңдар
Сүйемін өлеңі - отансүйгіштік тәрбиенің қайнар көзі