Жасушада жүретін ажырау реакциясы

«Биология әлеміне саяхат» интеллектуалды ойыны

Бұл танымдық сайыстың мақсаты — оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттырып, білімін жүйелеу және бекіту. Сайыс форматы — интеллектуалды ойын.

Қатысушылар

9–10–11 сыныптардан 4 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушы болады.

Әділ бағалау

Сайыскерлердің білімі мен шеберлігін әділ бағалайтын қазылар алқасы жұмыс істейді.

Сайыстың ашылу сөзі

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! 9–10–11 сыныптар арасында биология пәнінен өтетін «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл — тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім — кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.

— Тұрмағамбет Ізтілеуов

Осы сөздің мәнін негізге ала отырып, білімдік сайысқа белсене қатысатын командалармен танысайық.

Командалар

  • І топ — «Білгірлер»

    Білім мен дәлдікке сүйенетін команда

  • ІІ топ — «Тапқырлар»

    Жылдам ойлау мен ұтымды жауаптың командасы

  • ІІІ топ — «Алғырлар»

    Логика мен зеректікті үйлестіретін команда

  • IV топ — «Ойшылдар»

    Терең талдау мен дәлелге сүйенетін команда

Сайыс кезеңдері

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

  1. 1

    Бәйге

    Жылдамдық пен білімнің сайысы

  2. 2

    Сиқырлы шаршы

    Логикалық тапсырмалар мен ұяшықтар ойыны

  3. 3

    Дода

    Бәсеке мен ширақ жауап кезеңі

  4. 4

    Жорға

    Қорытынды әрі шешуші кезең

І кезең — «Бәйге» (10 ұпай)

Жүргізуші: Тапқыр, білгір, дарынды — жарыс бар бүгін арынды. Биология пәнін сүйсең, ортаға сал барыңды!

Білімнің ұшқырлығын танытатын «Бәйге» турында сайыскерлер жаңылмасын. Уақыт зымырап өте шығады: асықпай, қалыспай, нақты жауап беріңіздер.

Ереже

Бұл кезеңде баршаға ортақ 15 сұрақ қойылады. Жылдам берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. 1) Тұқым қуалау және өзгергіштік туралы ғылым қалай аталады?

  2. 2) Сүтқоректілердің миы неше бөлімнен тұрады?

  3. 3) Денсаулық сақтау шарттары мен аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым қалай аталады?

  4. 4) Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен айналысатын ғалымдар қалай аталады?

  5. 5) Туыс емес дараларды будандастыру қалай аталады?

  6. 6) Бактерия ішінде дамитын вирус қалай аталады?

  7. 7) Жасушада жүретін ажырау реакциясы қалай аталады?

  8. 8) Нәруыз синтезделетін цитоплазмалық құрылым қалай аталады?

  9. 9) Фотосинтез жүретін көк-жасыл және қызыл түсті бактериялар қалай аталады?

  10. 10) Хромосомалардың өзара жақындасуы қалай аталады?

  11. 11) Қанда және басқа дене сұйықтықтарында антидене түзілуіне себеп болатын, организм үшін бөгде заттар қалай аталады?

  12. 12) Жануарлар мен өсімдіктердің гаплоидты жыныс жасушасы қалай аталады?

  13. 13) Эволюция процесі кезінде белгілердің ажырауы қалай аталады?

  14. 14) Белгілі бір түрге тән организмдегі барлық хромосомалардың саны қалай аталады?

  15. 15) Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы қалай аталады?

Қорытынды

І кезеңнің қорытындысын шығару үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.