Жұмбақтар Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы
Сабақтың тақырыбы: «Мен тәуелсіз елімнің ұланымын»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Мақсаты
- Еліміздің тәуелсіздігіне арналған іс-шара барысында балалардың білімін сұрақ-жауап арқылы кеңейту.
- Мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақтар арқылы бойларында патриоттық сезім қалыптастыру.
- Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Көрнекілік
Суреттер, ұлттық киімдер.
Әдіс-тәсілдер
Әнұран, Елтаңба, Ту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық-қозғаушы
Балалармен амандасу, «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
Іздену-ұйымдастырушы
Сұрақ-жауап, жұмбақтар, мерекелік тақпақтар мен ойын элементтері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың жауаптарын бағыттау, мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру.
Әңгімелесу және кіріспе сұрақтар
Тәрбиешінің сұрақтары
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгіліндегі мерекелерді атап беріңдер.
- Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?
- Тобымыздың аты қалай аталады?
Қонақтармен сәлемдесу және «Шаттық шеңбері»
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Мерекені біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз!
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз!
Тәрбиеші: «Балалар, бізге қонаққа Алтын Күн келіпті. Сәлеметсіз бе?»
Алтын Күн: «Әлемге нұр таратамын. Сендерге арнап сұрақтар әкелдім. Егер жауаптарың дұрыс болса, мен бүкіл әлемге сәулемді шашамын. Дайынсыңдар ма?»
Жұмбақ
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Айтатын Әнұран —
Қай елдің баласы?
Сұрақ-жауап бөлімі (Алтын Күннің тапсырмалары)
Балалар мемлекеттік рәміздер мен еліміз туралы білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Жалпы сұрақтар
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Біздің Елбасымыз кім?
- Бас қаламыз қалай аталады?
- Ұлтымыз қандай?
- Облысымыздың аты қалай аталады?
- Біздің облысымызда қандай өнімдер өндіріледі?
Өндіріс пен ресурстарға қатысты сұрақтар
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, енді келесі сұрақтарға көшейік».
- Қарағанды, Екібастұз қалаларынан не өндіріледі?
- Атырау, Ақтау қалаларынан не өндіріледі?
- Шымкент қаласынан не өндіріледі?
- Тараз қаласынан не өндіріледі?