АҚШ - тың Қазақстанмен байланысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға АҚШ-тың туристік нысандары мен сыртқы экономикалық байланыстары, соның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы түсінік беру және бұрынғы сыныптарда алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық
Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындату, интернет ресурстарын пайдалану және картамен жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылығы мен дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік
Географиялық білімді тереңдете отырып саяси тәрбие беру; табиғатты түсіне білуге және аялауға тәрбиелеу.
Сабақ форматы және ресурстар
Ұйымдастыру
- Сабақтың түрі:
- Аралас сабақ
- Оқыту әдістері:
- Ұжымдық, жеке-дара
- Техникалық құрал:
- Интерактивті тақта
Көрнекіліктер
- Дүние жүзінің саяси картасы
- 11-сынып атласы
- Интернет ресурстары
- Бейнероликтер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуды түгендеу, зейінді тұрақтандыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1) Ой жинақтау тапсырмалары
III тарау бойынша (§34–39) сұрақтар беріледі; оқушылар тез жауап береді.
1-қатар
- Солтүстік Америкаға алғашқы қоныстанушылар қай дүние бөлігінен келді? (Азияның солтүстік-шығысынан)
- Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туғандар қалай аталады? (Метистер)
- АҚШ жерінің ауданы? (9,4 млн км²)
- Мемлекеттік құрылымы қандай? (Федеративтік республика)
- Әкімшілік-аумақтық бөлінісі? (50 штат, 1 федералдық округ)
2-қатар
- Ғалымдар «тас қайнатушылар» деп кімді атады? (Ежелгі америкалықтарды)
- Еуропалықтар мен африкалықтардың некесінен туған ұрпақ қалай аталады? (Мулаттар)
- АҚШ халқының саны? (320 млн адам)
- АҚШ-тың заң шығарушы органы? (Конгресс)
- Жер көлемі бойынша дүниежүзіндегі орны? (4-орын: Ресей, Канада, Қытайдан кейін)
3-қатар
- Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны басым тайпалар? (Алгонкиндер)
- Африкалықтар мен үндістердің некесінен туған ұрпақ қалай аталады? (Самболар)
- АҚШ-тың мемлекеттік тілі? (Ағылшын тілі)
- Мемлекетті кім басқарады? (Президент)
- АҚШ-тың алғашқы президенті? (Джордж Вашингтон)
2) Өткен тақырып бойынша білімді тексеру
- АҚШ-тың экономикалық аудандарын атаңдар.
- Аудандарға сипаттама беріңдер.
- Жетекші өнеркәсіп салаларын атаңдар.
- Экономикалық аудандар бойынша ірі қалаларды сипаттаңдар.
III. Жаңа сабақ
1) Туристік нысандар туралы жалпы түсінік
- Тау шаңғысы туризмі
- Теңіз жағалауындағы курорттар
- Теңізді айналып жүзу (круиз)
- Ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштер
- Қасиетті діни орындар
- Табиғаты ерекше аймақтар
2) АҚШ-тың туристік нысандары
- Йеллоустон ұлттық саябағы
- Колорадо каньоны
- Ниагара сарқырамасы
- Диснейленд (ертегі патшалығы)
- Курортты қала — Майами
- Таудағы демалыс орындары
3) Сыртқы экономикалық байланыстар
- XX ғ. 40–80 жж.: АҚШ пен Канада біртұтас шаруашылық кешен ретінде қалыптасты.
- 1960 жылдан бастап: Солтүстік америкалық өндірістік мамандану күшейді (ауыл шаруашылық машиналары, автомобиль жасау, әскери техника). Мысалы: АҚШ — трактор, Канада — астық жинайтын комбайндар.
- АҚШ + Канада: дүниежүзіндегі ең қуатты экономикалық аймақтардың бірі.
- АҚШ + Канада + Мексика: Солтүстік америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА, 1994 ж. 1 қаңтар).
- Азия–Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ, 1989 ж.): АҚШ, Аустралия, Сингапур, Қытай, Канада, Мексика, Корея, Бруней, Чили, Филиппин, Папуа — Жаңа Гвинея, Тайвань, Тайланд, Малайзия.
4) АҚШ-тың Қазақстанмен байланысы
- 1991 ж. 25 желтоқсан: АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
- 1991 ж. 26 желтоқсан: дипломатиялық қатынастар орнатылды.
- 1992 ж. 15 қыркүйек: АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігі ашылды.
- 1992 ж. 30 қазан: ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігі ашылды.
- Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды әрі терең өзара іс-қимылға негізделген стратегиялық әріптестік қалыптасты; шарттық-құқықтық негізі нығайтылды.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың білімін бекіту.
1) «АҚШ туризмі» сандық диктанты
Нысандар: Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Диснейленд, Майами.
- Флорида штатындағы дүниежүзіне әйгілі курорт.
- «Күркіреуік су» дегенді білдіреді.
- Калифорниядағы «ертегі патшалығы».
- Тереңдігі — 1800 м, ұзындығы — 350 км.
- Биіктігі — 50 м, ені — 1200 м.
- Колорадо үстіртінде орналасқан.
- «Отель-Роу» қонақүйі орналасқан.
- Уолт Дисней авторлығымен жасалған.
2) Нысандарды іріктеу тапсырмасы
Берілгендердің ішінен АҚШ-қа қатысты нысандарды бөліп алыңдар:
3) «Иә — Жоқ» тапсырмасы
Берілген деректердің дұрысына «иә», қате болса «жоқ» деп жауап беріңдер.
- 1. Ниагара сарқырамасы Онтарио мен Эри көлдерінің аралығында орналасқан. (Иә)
- 2. АҚШ-та 70-тен астам ұлттық саябақ бар. (Жоқ, 50-ден астам)
- 3. Йеллоустон ұлттық саябағы — дүниежүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ. (Иә)
- 4. Солт-Лейк-Сити қаласында 2002 жылы қысқы Олимпиада ойындары өтті. (Иә)
- 5. АҚШ лицензия сатудан дүниежүзінде жетекші орын алады. (Иә)
- 6. Қазақстанда АҚШ-пен бірлескен 150 кәсіпорын бар. (Жоқ, 547 кәсіпорын)
- 7. General Motors ғарыштық техника шығарады. (Жоқ, автомобиль шығарады)
- 8. 1992 жылы 30 қазанда АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігі ашылды. (Жоқ, 15 қыркүйекте)
- 9. 1991 жылы 16 желтоқсанда АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. (Жоқ, 25 желтоқсанда)
- 10. Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан. (Иә)
4) Географиялық арифметика
Берілген қосылғыштардың «қосындысын» (ұйым/оқиға атауын) табыңдар.
- АҚШ + Канада + Мексика = ?
- АҚШ + Аустралия + Сингапур + Қытай + Канада + Мексика + Корея + Бруней + Чили + Филиппин + Папуа — Жаңа Гвинея + Тайвань + Тайланд + Малайзия = ?
- 1991 + 26 + 12 = ? (Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнады)
- 1992 + 30 + 10 = ? (ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігі ашылды)
5) Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға АҚШ-тың туристік аймақтары орналасқан штаттарды белгілеңдер.
V. Қорытынды
- Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларды бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.