Кім болам

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы. №24 орта мектеп. Ысқақ Шамсия.

Тақырыбы

«Зергер» (Фариза Оңғарсынова)

Мақсаты

Өлеңнің тақырыбын ашу және мазмұнын меңгерту.

Сабақ түрі мен типі

  • Түрі: ойын сабақ
  • Типі: жаңа білімді игерту

Міндеттері

  • Білімділік: өлеңді оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық ізденіске баулу және өз ойын еркін айтуға үйрету.
  • Дамытушылық: көркем сөз бен көркем ойды сөздік қорда қолдану, тіл байлығын молайту, оқу шапшаңдығын дамыту.
  • Тәрбиелік: мамандықтарға қызығушылықты арттыру, еңбек иесін құрметтеуге, ұжымшылдық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Фариза Оңғарсынованың портреті
  • «Дауа» өлеңдер жинағы
  • Сиқырлы таяқша

Әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі, ой ашар, ой қозғау, эссе, «5 жолды өлең», топтастыру, көрнекілік, рөлдік ойын және басқа әдістер.

Пәнаралық байланыс

Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану және т.б.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

Тапсырмалар

  • «Он саусақ» тақырыбы бойынша рөлдік ойын.
  • Ш. Смаханұлының өлеңін жаттау.
  • Әр шумаққа ат қою.
  • «Кім болам?» тақырыбында эссе жазу.

Қорытынды тұжырым

Еңбек еткен адамның еңбегі жанады.

III. Жаңа сабақ

1) Ой ашар

Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас тіпті де.
Екі саусақ бірікті —
Ине қолға ілікті.
Саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол, самақ.

Ой қозғау сұрақтары

  • Зергерлік бұйымдарды кім жасайды?
  • Зергер деген кім?
  • Қорытынды: бүгінгі сабақта Фариза Оңғарсынованың «Зергер» өлеңімен танысамыз.

2) Мағынаны тану

Автор туралы қысқаша мәлімет

  • 1939 жылы ақпанда дүниеге келген.
  • Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Ақын, халық жазушысы, қоғам қайраткері.

Шығармалары

  • «Зергер»
  • «Далам менің»
  • «Айша бибі»
  • «Дауа» (өлеңдер жинағы)

Қосымша сұрақ: Фариза Оңғарсынова қазір неше жаста? (анықтап келу)

Өлеңмен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу және түсіндіру.
  • Негізгі ойды анықтау.
  • Тізбектеп оқу (кітаппен оқу әдісі).

«Кім болам?» ойыны

Шарты: оқушы өлеңді жатқа айту арқылы тіл байлығын дамытады. Өлеңді әсерлі, шебер оқыса, таңдаған мамандығын меңгеруге талпынысы бар деп бағаланады.

«Сақина салу» ойыны (сұрақтар)

  • Өлеңде қай мамандық туралы айтылады?
  • Зергер не істейді?
  • Зергерлік сені несімен қызықтырады?
  • Зергерлікке, қолөнерге байланысты жасаған жұмыстарың бар ма?

3) Ойтолғаныс

1-қатар

«Кім жылдам?» ойыны.

2-қатар

Эссе жазу.

3-қатар

Зергерлік бұйымдардың суретін салу.

«5 жолды өлең» үлгісі

  1. 1

    Зергер — зат есім (1 сөз)

  2. 2

    Өнерлі, шебер — сын есім (2 сөз)

  3. 3

    Жасайды, қияды, сәндейді — етістік (3 сөз)

  4. 4

    Зергер сақинаны жасап болды — сөйлем (4 сөз)

  5. 5

    Ұста — мағыналы сөз (1 сөз)

Өнермен байланысы

Біздің ауылымызда зергер бар ма? Қолөнер шеберлері ше? Кімдер? Төле, Қалампыр, Манзу.

Тұжырым: зергерлік — мамандықтың құрметтісі.

IV. Бағалау

5

Алтын алқа

4

Күміс сырға

3

Қола сақина

V. Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.