Виет теоремасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Алгебра, 8-сынып

Тақырып

Виет теоремасы. Есептер шығару

Сабақ сағаты

4-сағат

Типі

Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы

Түрі

Ойын сабағы

Әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру
  • Ойын элементтері
  • Тест
  • Өздік жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Портрет
  • Тапсырмалар
  • Ту
  • Жұлдызшалар
  • Магнитті жапсырма

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Виет теоремасын тұжырымдау және қолдану.
  • Квадрат теңдеу түбірлерінің таңбасын осы білім арқылы анықтау.
  • Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құра білу.
  • Коэффициенттер арасындағы тәуелділікті түсіну.

Дамытушылық

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және есеп шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді: A B C

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша білім деңгейі сұрақтар арқылы тексеріледі.

Қайталау сұрақтары

  1. 1 Квадрат теңдеудің анықтамасын кім айтады?
  2. 2 Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
  3. 3 Қандай теңдеулер келтірілген квадрат теңдеулер деп аталады?
  4. 4 Квадрат теңдеулерді шешудің формуласы қалай жазылады?
  5. 5 Дискриминантты табудың үш жағдайын атаңыз.
  6. 6 Виет теоремасы қалай жазылады?

III. Бекіту бөлімі: тарихи дерек

Франсуа Виет (1540–1603) — француз математигі, мамандығы бойынша заң қызметкері. Ол астрономияға қызығып, оны тереңірек меңгеру үшін алгебра мен тригонометрияны жүйелі түрде зерттеген.

Виет алғашқылардың бірі болып әріптерді тек айнымалыларды белгілеуге емес, сонымен қатар берілген шамаларды — яғни теңдеудегі айнымалылардың коэффициенттерін белгілеуге қолданды. Оның еңбектері алгебраны символикалық таңбаларға негізделген жалпы ғылымға айналдырды.

Осы жаңалықтар теңдеу мен оның түбірлерінің жалпы қасиеттерін формула арқылы ықшам жазуға мүмкіндік берді. Математиканың қазіргі деңгейге жетуіне Виет енгізген жаңалықтардың ықпалы зор, сондықтан оны Еуропада «алгебраның атасы» деп атайды.