Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Сабақ тақырыбы
Ұзындықтың өлшем бірліктері (слайд)
Мақсаты
- Көрнекілік әдісін қолдана отырып, ұзындықтың өлшем бірліктері туралы түсінік беру.
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
- Дәптерде және тақтада дұрыс жазу ережесін меңгерту.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап-күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз.
Саяхат: Қостанай қаласына жол
Сабақ барысында ұзындық өлшемдерін қайталап, оларды күнделікті өмірдегі қашықтықтарды анықтауда қолданамыз.
Ұзындықтың өлшем бірліктері
- 1 см
- 10 мм
- 1 м
- 100 см
- 1 м
- 10 дм
- 1 дм
- 10 см
- 1 км
- 1000 м
Қазақша ұзындық өлшемдері
- Құлаш 1,80 м
- Аршын 75 см
- Кез 50 см
- Қарыс 20–22 см
- Сүйем 17–18 см
- Сынық сүйем 14–15 см
- Сере 10–12 см
- Тұтам 8–10 см
- Елі 1,5 см
Сызба бойынша сұрақтар
Сызбаға қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер (қашықтықтарды км-мен көрсетіңдер).
- 1) Глазунов пен Талапкердің арақашықтығы қанша км?
- 2) Талапкерден Затоболға дейінгі арақашықтық қанша км?
- 3) Егер автобус Рыспайдан шықса, Қостанайға дейін қанша км жүреді?
- 4) Егер автобус Осинов ауылы арқылы Қостанайға барса, қанша км жол жүреді?
Ескерту
Сызба берілмеген жағдайда сұрақтарға жауап беру үшін мұғалім көрсететін слайдтағы деректер қолданылады.
1-тапсырма: №3 есеп
Туристер бірінші күні 12 км жүрді. Екінші күні бірінші күнге қарағанда 40 км артық жүрді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күндері жүрген жолдың қосындысындай жол жүрді.
Сұрақ: Үшінші күні туристер неше километр жүріп өтті?
2-тапсырма: Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік тұр, еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолыңды оң жаққа, жай сол қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр қиналмай, екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқап та, үш-төрт рет қайтала!
Ойындар арқылы бекіту
Ойын: Жол жиегіне ағаш отырғызу
Шарты: Өрнекті есептеп болған соң, ағашты жол жиегіне орналастырыңдар.
№4 есеп. Сызба бойынша өрнек құрастыр.
1)
48 − 8 = ?
Нәтиже + 6 = ?
2)
55 − 17 = ?
Нәтиже + 6 = ?
Ойын: Жолды тазарту
Шарты: Әр оқушы екі өрнекті баған түрінде шығарып, жол үстіндегі «қоқыстарды» тазартады.
№5 есеп. Өрнектерді баған бойынша шығар.
Мұғалім ұсынған өрнектерді баған түрінде орындаңдар.
№6 есеп: Салыстыру
Төмендегі жұптарды салыстырып, тиісті белгіні қойыңдар: <, > немесе =.
Ұзындық өлшемдері
- 6 дм 8 см * 60 см
- 52 см * 5 дм 1 см
- 1 м * 80 см
- 10 дм * 1 м
Салмақ өлшемдері
- 11 кг + 30 кг * 90 кг − 60 кг
- 31 кг − 19 кг * 15 кг − 7 кг
- 19 кг + 18 кг * 15 кг + 17 кг
- 59 кг − 9 кг * 50 кг
Бағалау
- Тапсырмаларды орындау дәлдігі мен ұқыптылығы ескеріледі.
- Өлшем бірліктерін дұрыс қолдануы және салыстыру белгілерін орынды қоюы бағаланады.
- Сабаққа белсенді қатысуы назарға алынады.