Жүргізушінің мақалы
Мақсаты мен тәрбиелік мәні
Бұл іс-шараның мақсаты — ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазына саналатын мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу.
Тәрбиелік бағыты — мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу және тұлғалы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Жоспар
- 1Ойынды ашу
- 2Қазылар алқасымен таныстыру
- 3Мақалшылар сайысы
- 4Көрермендер ойыны
- 5Жұмбақшылар сайысы
- 6Мақалшы мен жұмбақшы сайысы
- 7Ән шашу
- 8Қорытынды
Мұғалім сөзі: мақал мен мәтелдің мәні
Мақал-мәтелдер — талай замандар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл қазына; ақыл-ой даналығы мен тапқырлықтың мәйегі. Мақал — келелі ойды кең мазмұнда, ықшам да нұсқа жеткізудің тамаша үлгісі.
Халық даналығынан
- Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
- Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтел — мақалдағыдай тікелей кесіп айту түрінде келсе де, ойы толық түйінделмей, астарлы мағынамен беріледі. Сондықтан тыңдаушы қорытындыны өз ойымен тұжырымдайды.
Мысал
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру
Қазылар алқасы сайыс барысын әділ бағалап, қатысушылардың тапқырлығы мен білімін саралайды.
Жүргізуші сөзі
Жанұямыз — сәніміз,
Отбасымыз — әніміз.
Біз бастайық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
Мақалшылар сайысы
Өту тәртібі
- 1-айналым: мақалшы өзі дайындап келген мақалдарын айтады. Мақалды аз айтқан оқушы сайыстан шығады.
- 2-айналым: жүргізуші мақалдың бірінші жолын айтады, ойыншы екінші жолын жалғастырады.
Жалғастыруға арналған мақалдар
-
Ананың көңілі балада…
Баланың көңілі далада.
-
Ұлдың ұяты әкеге…
Қыздың ұяты шешеге.
-
Ананың сүті бал…
Баланың тілі бал.
-
Қына тасқа бітеді…
Білім басқа бітеді.
-
Кісі елінде сұлтан болғанша…
Өз еліңде ұлтан бол.
-
Отансыз адам — …
ормансыз бұлбұл.
-
Ел іші — …
алтын бесік.
-
Әділ тіл — …
ақыл таразысы.
-
Құнды сөзді — …
құйма құлақ тыңдасын.
-
Жақсы жігіт елін төрге сүйрер…
Жаман жігіт елін көрге сүйрер.
-
Жалқаулық — дерт жапсырар…
Еңбек жанды асырар.
-
Мақал атасы — сөз…
Мата атасы — бөз.
-
Сөздің көркі — мақал…
Жүздің көркі — сақал.
-
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді…
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-
Мал қорасын іздейді…
Ер туысын іздейді.
Көрермендерге арналған мақал-мәтелдер
- Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
- Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
- Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
- Кісідегінің кілті аспанда.
Жұмбақшылар сайысы
Өту тәртібі
- 1-айналым: жүргізуші жұмбақ жасырады, ойыншы шешуін табады.
- 2-айналым: қатысушылар өздері дайындап келген жұмбақтарын жасырады.
- Жеңімпаз келесі айналымға өтеді.
Жұмбақ
Жаурағанда күлдірер, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер.
Шешуі
От
Жұмбақ
Аласа ғана бойы бар, тоғыз қабат тоны бар. Тоны шешілсе, адамзаты жылатар.
Шешуі
Жуа
Жұмбақ
Асқар тау, қалың орман, оны кейде шөптей орам.
Шешуі
Шаш
Жұмбақ
Ұзын мұрты сарылар, қойынында наны бар.
Шешуі
Бидай
Жұмбақ
Сақалы жоқ, шашы бар; бет-аузы жоқ, басы бар. Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.
Шешуі
Сыпыртқы
Жұмбақ
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көреген болып шығасың.
Шешуі
Мектеп
Көрермендер ойыны
Тапқырлық тапсырмасы
Маған да, саған да жақын туыс — бес адам.
Үш әріптен тұратын: оңға оқы, солға оқы — өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың. Айт, кәне, кім атын?
Жауабы
Ата, ана, апа, аға, іні
Жұмбақ
Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Мезгіл келсе жұртты жылытып,
Адамзатты әнге салдырамын.
Шешуі
Көмір
Жұмбақ
Сөзі дана, үні жоқ;
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң — шешен,
Ақылы асқан көсем.
Шешуі
Кітап