Ауаның ылғалдылығы

Сабақ туралы мәлімет

Бұл сабақта сұйықтар мен газдардың қасиеттері, фазалық ауысулар және ауаның ылғалдылығы қарастырылады. Материал табиғаттағы құбылыстарды түсіндіруге және есеп шығару дағдыларын дамытуға бағытталған.

Пәні
Физика
Сабақтың тақырыбы
Сұйықтар мен газдардың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы
Сабақтың түрі
Жаңа ұғымдарды игеру сабағы
Сабақтың жабдықталуы
Бейнекөрсетілім
Пәнаралық байланыс
География, биология

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сұйықтар мен газдардың қасиеттері туралы жаңа ұғымдармен таныстыру, табиғаттағы фазалық ауысулар туралы білімді тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың білік-дағдыларын, ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, ойды жүйелі жеткізуін, тапсырманы талдау және есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Мұқият тыңдауға, ізденімпаздыққа және қойылған талаптарды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

Кезеңдер және уақыт

  1. I Ұйымдастыру — 2 минут
  2. II Сабақты таныстыру — 3 минут
  3. III Үй тапсырмасын сұрау — 5 минут
  4. IV Жаңа сабақ — 20 минут
  5. V Жаңа сабақты бекіту — 10 минут
  6. VI Үй тапсырмасын беру — 5 минут

Сабақ барысы (қысқаша)

  • Ұйымдастыру: дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киім үлгісіне назар аудару; журнал толтыру; оқушыларды түгендеу.
  • Таныстыру: тақырыпты жариялау және сабақ мақсаттарын түсіндіру.
  • Үй тапсырмасы: термодинамика заңдары мен жылу қозғалтқыштары бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • Жаңа тақырып: қаныққан бу, фазалық ауысулар, ауаның ылғалдылығы, сұйық қасиеттері, қайнау.
  • Бекіту: қайталау сұрақтары және есептер.
  • Үй жұмысы: оқулықпен жұмыс және есеп шығару.

Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар)

  1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады? Изопроцестерде қолданылу өрнектері мен графиктерін салыңдар.
  2. Термодинамиканың екінші заңы қалай тұжырымдалады?
  3. Жылу қозғалтқышы қандай принциппен жұмыс істейді? ПӘК деген не?

Жаңа сабақ

Қаныққан бу

Идеал газды сұйыққа айналдыруға болмайды, ал нақты газ белгілі жағдайларда сұйыққа айнала алады. T = const болғанда, жабық ыдыстағы сұйық пен бу арасында біртіндеп динамикалық тепе-теңдік орнайды.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте тұрған бу қаныққан бу деп аталады. Сұйық буымен тепе-теңдікте болғанда, қаныққан будың қысымы көлемге тәуелсіз болады және қаныққан бу қысымы деп аталады.

Негізгі байланыстар

p = n k T

Қысымның өлшем бірлігі: 1 Па

p ~ T, p ~ V

Тәуелділіктерді талқылауға арналған жазба

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу қанықпаған бу деп аталады. Мысал: Жер атмосферасындағы су буы.

Фазалық ауысулар

Фазалық ауысу — заттың бір күйден екінші күйге өтуі.

  • Булану — сұйық күйден газ күйіне өту.
  • Конденсация — газ күйден сұйық күйге өту.

Кризистік температура — сұйықтың тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы тең болатын температура.

Ауаның ылғалдылығы

Ауадағы су буының мөлшері ылғалдылық деп аталады. Берілген температурада ауадағы су буының парциал қысымының сол температурадағы қаныққан бу қысымына пайызбен алынған қатынасы салыстырмалы ылғалдылық (φ) болады.

Формула

φ = (p / p₀) × 100%

Мұнда: p — су буының парциал қысымы; p₀ — осы температурадағы қаныққан бу қысымы. Өлшем бірлігі: 1%.

Адам үшін қолайлы салыстырмалы ылғалдылық, әдетте, 40–60% аралығында. Тоқыма, кондитер және басқа да өндірістерде технологиялық процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі ылғалдылық деңгейі қажет. Өнер туындылары мен кітаптарды сақтау кезінде де ылғалдылықты тиісті шамада ұстап тұру маңызды.

Өлшеу құралдары

  • Гигрометр — ауа ылғалдылығын өлшейді.
  • Психрометр — құрғақ және дымқыл термометр көрсеткіштері арқылы анықтайды.

Сұйықтардың физикалық қасиеттері

  • Көлемін сақтайды.
  • Ыдыстың пішінін қабылдайды.
  • Молекулалар арасындағы арақашықтық молекула өлшемімен шамалас болады.
  • Аққыш (ағады).
  • Беткі қабатында белгілі бір беріктік қасиеті байқалады.
  • Кей жағдайларда сыртқы әсерден шашырауға (тамшыға бөлшектенуге) бейім.

Қайнау

Қайнау — сұйықтың бүкіл көлемінде жүретін және тұрақты температурада өтетін булану процесі.

Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемінде тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда болып, сұйық бетіне қалқып шығады. Процесс барысында сұйықтың температурасы тұрақты болып қалады.

Анықтама

Қайнау температурасы — қаныққан бу қысымы сыртқы (атмосфералық) қысымға тең болатын температура.

Жаңа сабақты бекіту

Қайталау сұрақтары

  1. Қаныққан және қанықпаған бу дегеніміз не?
  2. Фазалық ауысулар ұғымын қалай түсіндіресіңдер?
  3. Ауаның ылғалдылығы деген не? Формуласы қалай жазылады?
  4. Сұйықтың қандай физикалық қасиеттерін білесіңдер?
  5. Қайнау қандай процесс?

Есептер

14-жаттығу: №1, №3, №5.

Үй тапсырмасы

  • Оқулық: § 61 және 6.2 тармақтарын оқу, мазмұндау.
  • Есептер: 14-жаттығу№2, №4 есептерін шығару.