Қыстап қалатын құстар
Сабақ туралы мәлімет
- Өтетін орны
- ШҚО, Аягөз қаласы, қалалық қазақ мектеп-гимназиясы
- Жетекші
- Садуакасова Гульназ Серікжанқызы
- Тақырып
- Қыстап қалатын құстар
Мақсаттар
-
1
Балалардың қыстап қалатын құстарды атай алуын қалыптастыру және құстар туралы түсінігін кеңейту.
-
2
Құстарға қамқорлықпен қарау көзқарасын дамыту.
-
3
Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Құстардың суреттері
- Орманшының суреті
- Жемшашардың суреті
- Күннің суреті
- Ағаштың суреті
Сабақ барысы
Ұйымдастыру және кіріспе
Сабақ психологиялық жаттығудан басталады. Балалар сұраққа сай қимыл-қозғалыспен жауап береді.
Бүркітке не жарасады?
Самғау (қолдарын жазып көрсетеді)
Шегірткеге не жарасады?
Секіру
Ақ тауыққа не жарасады?
Шоқу
Ақылдыға не жарасады?
Оқу
Жаңа тақырып: қыстап қалатын құстар
Тақтаға орманшының суреті ілінеді. Мұғалім балаларға: «Бүгін бізге орманшы қонаққа келді. Ол сиқырлы орманнан әдемі ағаш алып келіпті» — деп әңгіме бастайды.
Талқылау сұрақтары
- •Құстар сендерге ұнады ма?
- •Құстар туралы не білеміз?
- •Құстарды жыл мезгіліне қарай қалай бөлеміз?
Негізгі ұғымдар
Жыл құстары
Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстар.
Қыстап қалатын құстар
Қысы-жазы өз мекенінде тіршілік ететін құстар.
Қыста құстар немен қоректенеді?
Ағаш бүршіктерімен, кепкен жемістермен қоректенеді.
Адамдар қандай көмек көрсетеді?
Жемшашар жасап, оған нан қиқымын және түрлі дән-дақылдарды салып береді.
Сергіту сәті
Балалар өлең жолдарын қимылмен көрсетіп орындайды.
Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды.
Ойын: «Шешуін тап» (құстар туралы жұмбақтар)
Жұмбақ 1
Бір-ақ уыс көлемім,
Шыбын-шіркей қорегім.
Бау-бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше?
Жауабы: Торғай
Жұмбақ 2
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
Жауабы: Қарға
Жұмбақ 3
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып.
Жауабы: Сауысқан
Жұмбақ 4
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы» — деп,
Қайсы құсты мақтаймыз?
Жауабы: Көгершін
Қорытынды сұрақ: «Ағашта қай құс қалды?» — Қарлығаш. Ол жыл құсы болғандықтан, жылы жаққа ұшып кетеді.
Суреттермен жұмыс
Кітаптағы құстардың суреттеріне қарап, атауларын атап шығу:
Топтастыру ойыны
Тапсырма: Күннің жанына жыл құстарын, ал жемшашардың жанына қыстап қалатын құстарды орналастыру.
Күн (жыл құстары)
Жемшашар (қыстап қалатын құстар)
Сабақты бекіту
1) Құрастыру тапсырмасы
Әр оқушының алдына түрлі пішіндер беріледі. Оқушылар сол пішіндерден құстың бейнесін құрастырып, өз жұмысын сипаттап айтып береді.
2) Тақпақ айту
Құстар туралы тақпақтар айтқызылады.
3) Үй тапсырмасы
Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелеу.
4) Қорытынды және мадақтау
Орманшының сыйлықтары таратылып, оқушылар мадақталады.