Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту
Перспективалық жоспар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру мақсатында өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына арналған перспективалық жоспар ұсынылады.
Ересектер тобы
Қыркүйек
Өтпелі тақырып: Балабақша
Мақсаты
Баланың бойында балабақшаға деген құрметті, достарына және ересектерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуге үйрете отырып, бірлескен әртүрлі іс-әрекеттерге қызығушылығын дамыту.
Міндеттері
Денсаулық білім беру саласы
- Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
- Салауатты өмір салтын ұстану туралы түсініктерін кеңейту.
- Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға және өзге адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Коммуникация білім беру саласы
- Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту, дыбыстар туралы түсінік беру және сауаттылыққа тәрбиелеу.
- Әңгіме құрастыруға және байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеу және театр өнеріне баулу.
- Орыс және ағылшын тілдеріндегі сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйрету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Таным білім беру саласы
- Айналасына және табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын, зейінін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
- Сандардың мағынасын түсінуге үйрету.
- Құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атай білу дағдысын дамыту.
Шығармашылық білім беру саласы
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін және қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру.
- Бейнелеуге, аппликация жасауға, мүсіндеуге үйрету.
- Әуен ырғағын сақтап орындауға дағдыландыру.
Әлеуметтік білім беру саласы
- Жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту.
- Қоршаған ортаға қамқорлық танытуға тәрбиелеу.
- Адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру.