Нағашы жұрт кімнің туысқаны

Сабақтың тақырыбы

3-ке көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты

  • 3-ке көбейту және бөлу кестесін таныту.
  • Кестені есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер

1) Мазмұнына байланысты

  • 3-ке көбейту және бөлу кестесін жатқа меңгереді.
  • «3 есе артық», «3 есе кем» ұғымдарына қатысты есептер шығарады.

2) Сын тұрғысынан ойлау

  • Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіреді.
  • Логикалық тапсырмалар арқылы ой шапшаңдығын дамытады.

3) Топпен жұмыс

  • Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
  • Өз ойын дәлелдеп айтуға, бірін-бірі тыңдауға үйренеді.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі
Жаңа білім меңгерту.
Оқыту әдістері
Сын тұрғысынан ойлау, білім беруді ізгілендіру әдісі.
Көрнекіліктер
Көбейту және бөлу кестесі, тірек сызбалар, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, еңбек.

Сабақтың жүру барысы

I. Қызығушылықты ояту

Терең ғылым — сананың

Тегі деп ой саламын.

Маңыз беріп оқимын,

Есептану сабағын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

2-ге көбейту және бөлу кестесін жатқа сұрау.

III. Ой шақыру

Ребус шешу

Шешуі: 3-ке көбейту және бөлу.

IV. Мағынаны тану

А) Есіңе сақта!

Құрастыру тәсілі

  • 3×3 = 3×2 + 3 = 9
  • 4×3 = 3×3 + 3 = 12
  • 5×3 = 4×3 + 3 = 15
  • 6×3 = 5×3 + 3 = 18

Кері амал

  • 9 ÷ 3 = 3
  • 12 ÷ 3 = 4
  • 15 ÷ 3 = 5
  • 18 ÷ 3 = 6

Түсіндіру: 3-ке 3-ті көбейту үшін 3-ті өзінің алдындағы 2-ге көбейтіп, оған 3-ті қосамыз. Яғни 3×3 = 9, ал 9 ÷ 3 = 3. Себебі көбейту мен бөлу — өзара кері амалдар.

Ә) Топтық жұмыс: «Үш жұртыңды ата»

1) Өз жұртың

Өз жұрты деп кімдерді айтамыз?

  • 3×3 = 9
  • 30×3 = 90
  • 4×3 = 12
  • 40×3 = 120
  • 5×3 = 15
  • 50×3 = 150
  • 6×3 = 18
  • 60×3 = 180

2) Нағашы жұртың

Нағашы жұрт кімнің туысқаны?

  • 3×4 = 12
  • 3×40 = 120
  • 3×5 = 15
  • 3×50 = 150
  • 3×3 = 9
  • 3×30 = 90
  • 3×6 = 18
  • 3×60 = 180

3) Қайын жұрт

Қайын жұрт деп кімдерді айтады?

Бөлу

  • 9 ÷ 3 = 3
  • 12 ÷ 3 = 4
  • 15 ÷ 3 = 5
  • 18 ÷ 3 = 6

Үлкен сандар

  • 90 ÷ 3 = 30
  • 120 ÷ 3 = 40
  • 150 ÷ 3 = 50
  • 180 ÷ 3 = 60

Б) Топ сайыс: «Киіз үй құрастыру»

А тобы

Киіз үй фабрикасы аптасына 4 киіз үй жасайды. Фабрика 3 аптада неше киіз үй жасайды?

Шешуі: 4×3 = 12

Жауабы: 12 киіз үй.

Ә тобы

Бәйгеге 3 шаруашылық 12 сәйгүлік қосты. Егер әр шаруашылықтың қосқан сәйгүліктерінің саны бірдей болса, онда әр шаруашылық неше сәйгүлік қосты?

Шешуі: 12÷3 = 4

Жауабы: әр шаруашылық 4 сәйгүлік қосты.

Б тобы

19 кітапты балалар үш-үштен бөліп алды. Неше бала кітап алды? Неше кітап артық қалды?

Шешуі: 19÷3 = 6 (қалдық 1)

Жауабы: 6 бала кітап алды, 1 кітап артық қалды.

V. Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма: амал таңбалары мен жақшаларды қойып, теңдіктерді толықтыр.

Тапсырма 1

3 … 3 … 3 … 3 = 4

Шешуі: (3×3)+3÷3 = 4

Тапсырма 2

3 … 3 … 3 … 3 = 0

Шешуі: (3×3)÷3 − 3 = 0

VI. Біз не үйрендік?

«Байланыстыр» ойыны: көбейту мен бөлуді жұптастыр.

  • 3×3 9÷3
  • 4×3 12÷3
  • 5×3 15÷3
  • 6×3 18÷3

VII. Үй тапсырмасы

№5 (ә), 56-бет.

VIII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы жауаптарының дәлдігіне, белсенділігіне және топтағы ынтымақтастығына қарай бағаланады.