Мен қазақпын
Қазақы болмыс және қонақжайлық
Мен қазақпын. Әуелден қарапайыммын: қонақ келсе қарсы алып, құшақ жаямын. «Мен қазақпын» деп айтамын, мақтанамын — қонаққа қою шайымды тосамын.
Қонақ келсе, әуелі қабақ керек, қабақтан соң, әрине, тәтті ас керек. Ата-бабам қашаннан бар дәмдісін қонаққа деп сақтап келген.
Ата-бабамды жомарт деп мақтана аламын. Қазақты Қыдыр баба қолдайды дейді халық, сондықтан қазақтың көңілі кең, шегі жоқ деп ойланбай-ақ айта аламын.
Негізгі құндылық
Қонақты құрметтеу
Дастарқан — ниеттің айнасы. Қарапайым ықылас пен жылы сөздің өзі ең үлкен сый.
Дәстүр
Қою шай, тәтті ас
Қонаққа алдымен қабақ, кейін тәтті ас ұсыну — берекеге, татулыққа бастайтын жол.
Мінез
Кең пейіл
Қазақтың көңілі кең дейді: жақсылыққа ашық, адамға мейірімді болу — ұлттың айрықша сипаты.
Анаға құрмет, ұрпаққа аманат
Қазақта әрбір ана қадірлі. Аналардан небір дана туған. Сәбит, Мағжан секілді ұлдары — қазағымның ұмытылмас, әрқайсысы дара тұлға.
«Ұлтың кім?» деп сұраса, шаршамай жауап беремін: мен қазақпын. Атам қазақ, өзім де қазақ болып өтемін. Қазақ елі жыл сайын жасай берсін, өсіп-өнсін.
Ой түйін
Әр қазақ намысшыл болып келеді. Қазақпын деп мақтану — ғажап сезім. Ұлтын, салтын сыйлайтын ұрпақ бар кезде, дәстүрдің де, рухтың да жібі үзілмейді.
Дәстүрді жаңғыртайық, ұмтыл қазақ: өткенге құрмет — бүгіннің тірегі, ертеңнің бағыты.
Автор туралы
Өмірбаян
- Аты-жөні
- Садуова Әдемі Сәлімқызы
- Туған күні
- 1976 жылғы 20 тамыз
- Туған жері
- Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы
Кәсіби жолы
- Мамандығы
- I санатты бастауыш сынып мұғалімі
- Еңбек өтілі
- 20 жыл
- Қызмет орны
- Қазіргі таңда Айыртау ауданы, Антоновка селосында жұмыс істейді
- Отбасы
- Отбасы, бала-шағасы бар