Білімділер бәйгесі интелектуалдық сайысы
«Білімділер бәйгесі» интеллектуалдық сайысы
Бұл сабақ — оқушылардың білімін сынайтын, ой-өрісін кеңейтетін және топтық жұмысты нығайтатын зияткерлік сайыс. Әр кезеңнен кейін қатысушыларға жетондар үлестіріліп, нәтижелер әділқазылар тарапынан бағаланады.
Сабақтың мақсаты
- Интеллектуалдық сайыстың мазмұнын түсіндіру.
- Топта бірлесе жұмыс істеуге, өзара қолдауға үйрету.
- Басқа адамның жұмысын бағалауға дағдыландыру.
- Қатысушылардың шеберлігін, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.
- Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Сайыс сабағы.
Көрнекілігі
АКТ құралдары, жетондар.
Қатысушылар мен ереже
- Сайысқа екі топ қатысады.
- Ойын 6 кезеңнен тұрады.
- Әр кезеңнен кейін жетондар таратылады.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білімділер бәйгесі» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойынымызға екі топ қатысады және сайыс 6 кезең бойынша өтеді.
I кезең — Таныстыру
Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.
1-топ
Тапқырлар
2-топ
Ойшылдар
II кезең — «Кім тапқыр?»
Әр топ бір әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
1-топ сұрақтары
- Досың кім?
- Ертегі оқисың ба?
- Анаңның аты кім?
- Қай көшеде тұрасың?
- Қай пәнді жақсы көресің?
- Жасың нешеде?
- Кемпірқосақты қашан көруге болады?
- Шашыңның түсі қандай?
2-топ сұрақтары
- Нені жақсы көресің?
- Кімге сәлем жолдайсың?
- Әкеңнің аты кім?
- Қай қалада тұрасың?
- Қандай киімді жақсы көресің?
- Сенің есімің кім?
- Бүгін сенде неше сабақ?
- Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?
III кезең — «Ойлан, тап!»
Әр топ ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
- «Кел, балалар, оқылық!» — кімнің өлеңі?
- Тірі табиғатқа не жатады?
- Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
- Сөз таптарын ата.
- Көкжиектің неше тұсы бар? (Төрт)
- Мәтін түрлерін ата.
- Түбір дегеніміз не?
- Табиғат деген не?
IV кезең — «Сөзтапқыш»
«Жануарлар» сөзінен жаңа сөздер жасау.
V кезең — Топбасшылар сайысы
Әр топтың басшысына жеке сұрақ қойылады.
Бір тауық 3 кг. Екі тауық қанша кг болады?
15 үйрек жем жеді. 2-еуі ұшып кетті. Нешеуі қалды?
VI кезең — «Жалғасын тап»
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
- Кітап — білім бұлағы, …
- Еңбектің наны тәтті, …
- Әке көрген оқ жонар, …
- Ер бір рет өледі, …
Қорытынды бөлім
Құрметті көрермендер және әділқазылар алқасы! Бүгінгі «Білімділер бәйгесі» сайысы өз мәресіне жетті. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз — қорытынды жасалып, жеңімпаздар анықталады.
Ән (хор)
Болды дейміз жарасымыз жемісті,
Озып шығар кім білімді, кім күшті.
Әділқазы алқасына жүгінсек,
Бере дейміз әділдікпен жеңісті.
Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын! Қош сау болыңыздар!