Біздің мектептегі Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер

Тәрбие сағаты: «Жасыл шырша жанында»

Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Біздің мектептегі Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер. Бүгінгі думанды кешті көңілді өткізіп, жақсы әсер алып қайтуларыңызға тілектеспін.

Жақсы тақпақ айтып, ән орындаған балаларға Аяз ата сыйлық береді.

Балалар, дайынсыңдар ма?

Жаңа жылға арнау

Азаймасын ән мен жыр,

Балалар көңіл көтерсін.

Құтты болсын келген жыл,

Бақыт, дәулет әкелсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Балалардың тақпақтары

1-оқушы

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс —

Әкелген көп жақсылық.

2-оқушы

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы —

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкім де,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық!

Хормен:

«Бұзылмасын тыныштық!»

Мерекелік көрініс

(Шырша әуенімен барлық оқушылар шырша жанына шақырылады.)

Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар,

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.

(Ортаға Ескі жыл шығып, басын иеді.)

Оқушылар:

Өткен жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылда енді

Жоғарылайық бір класс.