Ұстаз ана болашақтың анасы
Сабақтан тыс іс-шара жоспары
Тақырыбы
«Әліппе – білім айнасы»
Сыныбы
1 «Г»
Мақсаты
- Оқушылардың білімін бекіту, алған білім-білік дағдыларын көрсету.
- Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
- Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
«Әліппе – білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер, мерекелік безендірулер, музыкалық сүйемелдеу.
Көрініс: теңіз үні және арман
Теңіз дауысы естіледі. Ортаға Тазша бала шығады.
мотивация
Тазша бала
Ой, арманымды тыңдайтын жан болса ғой… Ішімдегі ойымды бөлісер едім. Шіркін…
Балық
Айта ғой, мен тыңдайын.
Тазша бала
Сен кімсің?
Балық
Мен алтын балықпын. Арманыңды тыңдауға дайынмын.
Тазша бала
Менің арманымды шынымен тыңдайсыз ба?
Балық
Иә, тыңдаймын. Бірақ алдымен арманыңды айт. Сосын мен шарт қоямын. Сол шартты орындасаң, арманыңды орындаймын.
Тазша бала
Мен өте білімді азамат болғым келеді. Егер білімді болсам, ғалым болар едім, ғарышқа ұшар едім, талай ғылымның сырын ашар едім. Сосын мектепке барып, жалқау балалармен де дос болып, оларды да білімге жетелер едім. Мені білімді ғалым етіп шығаршы.
Балық
Ойың дұрыс екен. Арманың маған ұнады, көмектесемін. Алдымен сені №2 мектептің білім бағына алып барайын. Сол жерде тыңдап, үйренсең, сенен білімді бала шығады. Ендеше, бірінші шартым бар.
1-шарт: «Әліппемен қоштасу» кешін ашу
Білім бағында 1 «Г» сынып оқушылары «Әліппемен қоштасу» мерекесін өткізеді. Тазша бала кешті өлеңмен ашады.
Кештің ашылуы
Тазша бала
Орындауға дайынмын. Қандай шартыңыз бар?
Балық
Бірінші шарт: бүгін 1 «Г» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» тойы өтеді. Сол тойды өзіңнің әсем өлең жолдарыңмен ашып бер.
Тазша бала
Жарайды, тақсырым. Ендеше бастайын. Ортаға Әліппе ханымды шақырайын.
Қош келіпсіз, Әліппе ханым. Сіз не айтасыз?
Әліппе
Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен
Ағаң менен әпкең де.
Армысыңдар, жас достар!
Мұғалімнің құттықтауы және қонақтарды қарсы алу
Мұғалім
Әліппені бітірдің, балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өздерің оқып-жазатын халге жеттің,
Құтты болсын білімдерің, балаларым!
1-оқушы
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған
Біз — алаңсыз балғын шақтың балалары.
2-оқушы
Көз салып қараңызшы бүгінгі ортақ ойымызға,
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Ән
«Жақсы кітап — Әліппе»
2-шарт: «Су патшалығынан» келген хат
Алтын балық Тазша балаға хат табыстайды. Хаттағы әріптердің «сыры» — әр дыбысты өткенде меңгерген дағдылар.
Тазша бала
Балалар, бері қараңдар! Бізге үлкен хат келіп тұр. Ішінде не бар екен?
Балалар
Қане, не бар?
Тазша бала
Балалар, мына хатта не делінген? Бұл әріптердің сыры неде? Оны кім біледі?
Балалар
Біз білеміз!
Нұртаза
«С» дыбысын өткенде санамақ санадық.
Жанель
«Т» дыбысын өткенде тақпақ айттық, тақылдап.
Диас
«Ж» дыбысын өткенде жұмбақ шештік, жаңылмай.
Нүргүл
«Ш» дыбысын өткенде шешендік сөздер үйрендік.
Алма
«Ә» дыбысын өткенде әнді тамылжыта айтуды үйрендік.
Дамир
«Е» дыбысын өткенде ертегілер оқуды үйрендік.
Ұлан
«Б» дыбысын өткенде бата беруді үйрендік.
Санамақ
Кезек санамаққа беріледі (2 оқушы).
Әліппеге алғыс тақпақтар
1-оқушы
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді —
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2-оқушы
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы
Әліппе деген алтын жол —
Апарады сені алысқа.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
4-оқушы
Бар кітапқа бас болған —
Әліппе, ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
5-оқушы
Барлық баға бағалы —
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Шығармашылық бөлім
Жұмбақ шешу
Балалар жұмбақтарды шешіп көреді.
Шешендік сөздер
Әйтекенің жарып айтқаны, Қазыбектің қазып айтқаны, Төлебидің тауып айтқаны — шешендік сөздерге кезек беріледі.
Ән
«Отан»
Ертегі
«Бауырсақ» ертегісін тамашалау.
Бата
Балалар бата беріп көреді.
3-шарт: есімдердің мәні және алғыс айту мәдениеті
Оқушылар есімдері
Алтын балық кітап ұсынып, балалардың есімдері нені білдіретінін сұрайды:
- Жанель
- Гүлназ
- Айжан
- Тимур
- Қыдырәлі
- Данияр
- Нүргүл
- Еркежан
- Саят
- Самарбек
- Нұркен
- Аян
- Ұлан
- Алма
- Диас
- Нұртаза
- Нұртуған
- Дәулет
- Жансая
Алғыс түрлері
Балалар ата-анаға, ұстазға және Әліппеге алғыс айтады.
1-оқушы (ата-анаға)
Қош келдің деп, балдырған,
Күліп шыққан алдыңнан.
Шексіз сеніп ата-ана,
Балаларын қалдырған.
2-оқушы (ата-анаға)
Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларың құтты болсын, ата-ана,
Тойларың тойға ұлассын, ағайын!
Ән
«Нұрын төккен маған»
Ұстазға алғыс
1-оқушы
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле берсең, сенің екі анаң бар.
Бірі — сенің туған анаң болса,
Екінші анаң — ұстаз деген анаң бар.
2-оқушы
Ұстаз-ана — болашақтың анасы,
Ұстаз-ана — ақыл, білім панасы.
Жүзінде пәк мейірімін көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Ән
«Мұғалім әні»
Әліппемен қоштасу және марапат
Әліппеге мың алғыс
1-оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ боп,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
2-оқушы
Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс!
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппенің батасы
Әліппе
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін мен балаларға өте ризамын. Менен көп нәрсе оқып-үйрендіңдер, сауатты екендеріңді дәлелдедіңдер. Енді алғысымды білдіріп, «Білім әлемінің білімді шәкірті» деген атағымды осы балаларға сыйлауға рұқсат етіңіздер!
Тазша бала
Ей, тақсырым, енді не айтасыз?
Балық
Мен ризамын! Енді менің сиқырымды көр!
Музыка ойналады. Тазша бала «білімді балаға» айналады.
Қорытынды: ақ тілек және қонақтарға сөз
Соңғы диалог
Тазша бала
Міне, ғажап! Мен кіммін?
Мұғалім
Сен енді білімді бала болдың. Ендеше, мына отырған халықтың алғысын алайық.
Тілек
Мұғалім
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ақ тілекпен баршамызға
Тілек айтар қонақтар.
Қонақтарға сөз берейік.
Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!