Етістіктерді теріп жазып, оларды қай шақты білдіретінін айтыңдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Етістіктің шақ категориясы туралы мағлұмат беру; шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын ұғындыру.
Дамытушылық
Етістіктің қолданыстағы маңызы мен қызметін ашатын жаттығулар арқылы оның күрделі әрі ауқымы кең сөз табы екеніне көз жеткізу; етістікті басқа сөз таптарымен байланыстыру.
Тәрбиелік
Етістікті іс жүзінде қолдануды меңгерту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, назарды жинақтау, жұмыс тәртібін нақтылау.
II. Білімді жан-жақты тексеру (өткенді еске түсіру)
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің ерекшелігі қандай?
- Етістіктің мағыналық түрлері қандай?
III. Жаңа материалды қабылдауға бағыттау
Бүгін етістіктің шақтары туралы жаңа сабақ өтеміз. Мақсатымыз — шақтық мағынаны білдіретін етістіктің жасалу жолын (морфологиялық құрылымын) білу және етістіктерді басқа сөз таптарымен байланыстырып, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыруға үйрену.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Етістік қимыл-іс әрекетті білдіреді. Қимылдың жүзеге асу кезеңі сөйлеушінің хабарлау уақытымен, яғни сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Осыған қарай қимылдың мезгілі (шақтық мағынасы) үш түрлі болады:
Осы шақ
Үнемі қайталанып отыратын (дағдыға айналған) қимыл, немесе сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан іс-әрекет.
Өткен шақ
Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет.
Келер шақ
Әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекет.
Мысалдар
- 1 Костя мен Митя таудың терістік жағын қарауылдап отыр.
- 2 Жау бізді өкшелеп қуып келеді. Енді оларға бір соққы беруге дайындалдық.
- 3 Дөңестен екі-үш метрдей ғана қашықтықта жауды күтеміз.
Етістік шақтарының өзіне тән белгілері
- Етістік үш шақтың бірінде жіктеліп келеді: бар-ар-сың, айт-пақ-сың.
- Жіктік жалғауы күрделі етістіктердің құрамында көмекші етістікке жалғанады: жазып отыр-мыз, көмектесіп жібер-ерсіз-дер.
- Шақ тұлғалары есімше, көсемше формаларымен және етістік түбірге жалғанатын жұрнақтар арқылы да жасалады: -ды/-ді, -ты/-ті, -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек.
Алған білімді тиянақтау
122-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Ақын суреттеген табиғаттың әсемдігін әңгімелеңдер. Өлеңнен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақты білдіретінін анықтаңдар.
123-жаттығу
Үлгі бойынша орындаңдар. «Шақ жарысы» атты грамматикалық ойын: жаз, көмектес, айт, жүр, көр.
Қорытынды, үй тапсырмасы, бағалау
Қорытынды
Бүгінгі сабақта етістіктің шақтарымен таныстық. Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың болу мезгілі үшке бөлінеді: сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимыл — осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимыл — келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл — өткен шақ.
Үй тапсырмасы
Көшедегі қимыл-әрекетті сипаттап мәтін құрастырыңдар. Мәтіндегі етістіктерді тауып, олардың шақтарын белгілеңдер.
Бағалау
Оқушылардың жауаптарының толықтығы, тапсырмаларды орындау сапасы және сөйлем құрастыру дағдысы бойынша бағаланады.